Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймардың 20 жастағы қарындасы Рафаэлла Сантос әлеуметтік желілердің жұлдызы болды. Оның Instagram парақшасында 2,4 миллион жазылушысы болса, Twitter мен Facebook парақшаларында жүз мыңдаған жазылушысы бар екен. Сондай-ақ, ол айына орта есеппен 80 мың адам оқитын өзінің жеке блогын да жүргізеді екен, - деп жазады rt.com.
"Өзінің 20 жасында ол сұлулығымен және салауатты өмір салтын жүргізумен ерекшеленеді", - деп жазады басылым. Басылымның мәліметінше, Рафаэлла Сантос жиі саяхаттайды. Сондақ-ақ, ол әр сәтін суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктейді.
© instagram.com/rafaella