"Дүниежүзі аруы-2015" атағын 26 жастағы филиппин қызы Пиа Алонсо Вуртцбах жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Дүниежүзі аруы-2015" атағын 26 жастағы филиппин қызы Пиа Алонсо Вуртцбах жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Айта кетейік, марапаттау кезінде аздаған қателіктер жіберілді. Жүргізуші алғашында жеңімпаз колумбиялық Ариадна Гутьеррес болды деп хабарлады. Оған тәж кигізілгеннен кейін жүргізуші кешірім сұрап, өзіне берілген конверттегі есімді дұрыс оқымағанын жеткізді. Жаңа "Дүниежүзі аруына" тәжді былтырғы жеңімпаз Паулина Вега тапсырды.
Тәжге 80 қыз таласты. Қазақстанның атынан байқауға астаналық Әйгерім Смағұлова қатысуы керек болған. Дегенмен ол отбасындағы жағдайларға байланысты конкурсқа бара алмады.