Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.
Францияның ашық біріншілігінің бірінші айналымында даңқты францзу теннисшісі Николя Маюға қарсы шыққан отандасымыз 6:3, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші айналымда Михаил енді америкалық теннисші Джон Изнермен ракетка түйістіреді.
Еске салайық, бұған дайын "Ролан Гаррас" турнирінде ел намасын қорғаған Ярослава Шведова екінші айналымға өткен болатын. Ол 3 сеттік кездуде 3:6, 7:5, 6:4 есебімен 20 жасар америкалық теннисші Лорен Дэвисті жеңген еді. Ал, тағы бір отандасымыз Зарина Диас болса өкінішке қарай Францияның бас қаласы Парижде өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымынан аса алмады. Турнирдің 5-ші ракеткасы Петра Квитовамен жолыққан Зарина екі сеттің қорытындысы бойынша 5:7, 2:6 есебімен ұтылып қалды.