14 қазан 2015 | 14:32

"Орел и решка" бағдарламасы Алматыда қалай түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы түсірілім кезінде. © Yelena Sergiyenko Алматыдағы түсірілім кезінде. © Yelena Sergiyenko

Қазан айының басында ресейлік және украиналық телеарналардың эфиріне Алматы туралы "Орел и решка. Шопинг" бағдарламасы шықты. Түсірілімнің барлық күнінде командамен бірге болған фотограф Елена Сергиенко Tengrinews.kz  тілшісіне оңтүстік астанадағы түсірілім жұмыстарының қалай өткенін және бағдарламаға қандай кадрлардың кірмей қалғанын әңгімеледі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазан айының басында ресейлік және украиналық телеарналардың эфиріне Алматы туралы "Орел и решка. Шопинг" бағдарламасы шықты. Түсірілімнің барлық күнінде командамен бірге болған фотограф Елена Сергиенко Tengrinews.kz  тілшісіне оңтүстік астанадағы түсірілім жұмыстарының қалай өткенін және бағдарламаға қандай кадрлардың кірмей қалғанын әңгімеледі.

© Yelena Sergiyenko

Түсірілімнің дайындық жұмыстары түсіру тобы келгенге дейін бірнеше күн бұрын басталыпты. Режиссерлер қаланы алдын ала зерттеп, ерекшеліктерін іздеп, түсірілім туралы келіскен. Бағдарлама түсірілімі бірден бірнеше қалада болды. Алматы сол тізімде бірінші шаһар болған жоқ, сондықтан оларға бір күн демалыс берілді.

Қазақстанға келгеннен кейін тележүргізуші Мария Ивакова әжесіне Теміртауға ұшып кетті, ал Антон спортзал іздеді.

Түсірілім таңертең ерте басталды. Жүргізушілердің сценарийлері болмаған, мәтіннің барлығы - тосыннан айтылған. "Бастапқы қойылымды су бұрқақтардың жанынан бастадық, көпшілік жақындап келіп қолтаңба алып, суретке түсті. Күн ыстық еді, Маша жоспарды өзгертіп жатқанда су бұрқаққа секіріп кетті, - деді Елена Сергиенко, - Біздің халық өте мейірімді әрі қонақжай. Біз Сержан Башировқа барғанда түсірілімнен кейін оның ерекше киіз үйіне бардық, керемет безендірілген екен, бізді дастарханға шақырды. Киіз үйдің жанында отырып шәй іштік, табиғаттың аясында - бұл бір ғажап болды", - деді ол.

"Көрпелерді түсіруге барғанда кіретін жерді ұзақ іздедік, себебі лифтпен бесінші қабатқа көтеріліп, баспалдақпен төртінші қабатқа жаяу түсу керек болды. Ол жерде керемет бұйымдарды қолдан жасайтын адамдар жұмыс істейді екен. Іште түсірілім жұмыстары жүріп жатқанда біз продюсер екеуміз дәлізде тұрған орындықтарға отыра тұруды шештік. Дәлізде самал есіп тұрды, бізден басқа ешкім жоқ. Бір кезде көршілес есіктен бір әйел шығып, орындықтарымнан тұрыңдар деп бұйырды. Оның айтуынша, қожайындар оның орындықтарына отырғандарды көріп отырады және жалға алу ақысын көтереді. Біз орындықтарға бізге дейін және бізден кейін неліктен ешкімнің отырмағанын сол кезде бірден түсіндік", - деді фотограф.

Орталық базардағы түсірілім жұмыстары аяқталып қалғанда белгісіз біреу Машаға ыстық нан ұсынды.

Елена Сергиенконың айтуынша, кадрлардың барлығы бірдей бағдарламаға кірмеген. "Навои көшесінің бойындағы "Сәуле" дәмханасында керемет кадрлар түсірілді, біз саяхатшыларға ол жердің тамаша кәуабы туралы айтқымыз келді. Біз тіпті барахолкаға бардық, бірақ ол жерде біздің шеберлердің қолынан шыққан ештеңе болмай шықты", - деді ол.

Команда "Орман ертегісіне" келіп, түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатқанда, баспалдақта құбыршекті ұстап тұрған ер адам құлап түсті, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

 

"Шопинг" - 2014 жылы 15 ақпанда эфирге шыққан "Орел и решка" бағдарламасының қосымша жобасы. Ұзақтығы 40 минутқа созылатын бағдарламаның жүргізушілері дүкендердің, базарлардың, қала дәмханаларының атауын көрсетіп, ондағы заттардың бағасы туралы әңгімелейді. Бағдарлама жүргізушілері - модель әрі тележүргізуші Мария Ивакова мен музыкант Антон Лаврентьев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети