04 наурыз 2014 | 15:09

"Астана" баскетболшылары ел кубогын еншіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет bcastana.kz сайтынан Сурет bcastana.kz сайтынан

Елордада баскетболдан Қазақстан кубогының биылғы маусымдағы жеңімпазы анықталып, биыл да "Астана" баскетбол клубы теңдессіз шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биылғы ел кубогын "Ұлттық лигадағы" алты команда сарапқа салды. Олар әуелі екі топқа бөлініп, сынға түсті. Жартылай финалда "А" тобында топ жарған "Астана" "В" тобында екінші орынға ие болған "Барсы" (Атырау) баскетболшыларын тізе бүктірді. Есеп – 80:70. Жартылай финалдық екінші жұпта "В" тобында үздік шыққан "Каспий" (Ақтау) "А" тобында екінші орынды иеленген "Қапшағай" (Алматы облысы) командасынан 57:65 есебімен ұтылып қалды. Бұдан кейін ақтық ойындар өтті. 5-орын үшін өткен матча екі топта соңғы орынды қанағат тұтқан "Тигры" (Астана) және "Тобыл" (Қостанай) клубтары кездесіп, елордалықтар 84:82 есебімен басым түсті. Содан соң қола жүлдеге батыстың екі командасы таласты. "Барсы" және "Каспий" арасындағы шектен тыс шиеленісті матчтың тағдыры соңғы минуттарда шешіліп, Атырау командасы 87:72 есебімен жеңісе жетті. "Барсы" ел кубогының қола жүлдегері атанып қана қоймай, Ақтау клубынан топтық кезеңде жіберіп алған есесін қайтарды. "В" тобындағы батыс дербиінде "Каспий" 79:56 есебімен басым түскен еді. Ал финалда "Астана" "Қапшағайды" 88:76 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп астаналықтар төртінші рет қатарынан ел кубогының иегері атанды. Бұған дейін олар 2011, 2012 және 2013 жылдары Қазақстан кубогын жеңіп алған. Бүгінде серб маманы Александар Трифунович жаттықтыратын "Астана" топтық кезеңде өз тобындағы "Тобылды" 106:36 есебімен күйрете жеңіп, "Қапшағайды" 109:88 есебімен ұтқан болатын. Александар Трифунович бұл өзінің "Астанамен" қол жеткізген алғашқы жетістігі екендігіне ерекше тоқталып өтіп, Қазақстан кубогын жеңіп алғандарына қатты қуанғандығын білдірді. Ел кубогы додасы аяқталған соң, ұйымдастырушылар әдеттегідей әр шептегі үздік ойыншыларды анықтады: "Үздік үйлестіруші" – Джерри Джонсон ("Астана"); "Үздік шабуылдаушы қорғаушы" – Янис Блумс ("Астана"); "Үздік жеңіл шабуылшы" – Желенис Эдгарас ("Барсы"); "Үздік ауыр шабуылшы" – Патрик Калатес ("Астана"); "Үздік орталық ойыншы" – Дмитрий Свиридов ("Қапшағай").

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети