Белгісіз жанкүйер Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы, 20 жастағы аустралиялық жүзуші Мак Хортонды өлімнен арашалап алды. Суреттердің бірінен тиянақты көрермен спортшының кеудесінен күмәнді меңге назар аударған. Ол Аустралия құрамасының бапкеріне Хортонның меңі меланома (ерте кезеңінде табылмаған жара өлімге әкеп соғуы мүмкін - Авт.) болуы мүмкін екенін хабарлаған. Сөйтсек, бұл мең шын мәнінде қатерлі ісік болып шыққан.
"Мен дәрігерге меңімді тексертуге кеңес берген адамға шексіз алғыс айтамын. Бұл өз уақытында берілген белгі болды", - деп жазды Олимпиада чемпионы Instagram желісінде 21 қазанда. Ал оған дейін Хортон Мельбурнде жараны жою бойынша операция жасатыпты.
© instagram.com/mackhorton
Рио Олимпиадасында Хортон 400 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын медаль алған болатын. Бұл оның тұңғыш медалі.
© Instagram/Getty Images/AFP