Сурет sochi2014.com сайтынан
Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының екінші күні Қазақстан спортшылары үшін аса сәтті болмады. Сенім артқан екі саңлағымыз жүлдеге маңайлай алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шаңғышы Алексей Полторанин мен биатлоншы Елена Хрусталева "жүлдеге ілігіп қала ма" деп тықыршып едік. Алайда екеуі де сенім үдесінен шыға алмады. Полторанин скиатлонда 16-орынмен шектелді. Бірақ мойындаймыз, бұл бәйге Алексейге аса қолайлы сын емес. Мұнда 30 шақырымдық қашықтықтың тең жартысын классикалық әдіспен, ал қалған 15 шақырымын еркін әдіспен жүйткіп өту керек. Алексей осының біріншісінде тәп-тәуір нәтиже көрсетті (6-орын). Ал Елена Хрусталева қысқы қашықтықтағы сында көш соңында қалды. Негізі, бұл да Хрусталеваның сүйікті бәйгесі емес. Дегенмен, бізді Еленаның жамбы атудың біріншісінде екі рет мүлт кеткені алаңдатады. Шаңғы жарысы. Ерлер. Скиатлон (15 ш. классикалық әдіс + 15 ш. еркін әдіс) 16. Алексей Полторанин, 32. Евгений Величко, 49. Сергей Черепанов, 56. Марк Старостин. Биатлон. Әйелдер. Спринт (7,5 шақырым): 57. Елена Хрусталева, 58. Дарья Усанова 64. Галина Вишневская 73. Марина Лебедева. Тау шаңғысы. 33. Игорь Закурдаев, 42. Мартин Хубер, 43. Дмитрий Кошкин. Жексенбі күні жүлделер сарапқа салынған қалған бес спорт түрінде қазақстандықтар бақ сынаған жоқ: шаңғымен тұғырдан секіру (екі спортшымыз да финалға шыға алмай қалған), конькимен жүгіру (әйелдер арасындағы 5000 м қашықтыққа бізден ешкім лицензия алған жоқ болатын), мәнерлеп сырғанау (командалық сынға біз қатыспаймыз), сноуборд (слоупстайл) және шана спорты. Бүгін (дүйсенбі күні) Сочи Олимпиадасында бес медаль жиынтығы сарапқа салынады. Біз ерлер арсындағы фристайл (могул) сыны мен конькимен жүгіруден ерлер арсындағы 500 қашықтықтағы бәйгелерге елеңдеуліміз.
Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының екінші күні Қазақстан спортшылары үшін аса сәтті болмады. Сенім артқан екі саңлағымыз жүлдеге маңайлай алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шаңғышы Алексей Полторанин мен биатлоншы Елена Хрусталева "жүлдеге ілігіп қала ма" деп тықыршып едік. Алайда екеуі де сенім үдесінен шыға алмады. Полторанин скиатлонда 16-орынмен шектелді. Бірақ мойындаймыз, бұл бәйге Алексейге аса қолайлы сын емес. Мұнда 30 шақырымдық қашықтықтың тең жартысын классикалық әдіспен, ал қалған 15 шақырымын еркін әдіспен жүйткіп өту керек. Алексей осының біріншісінде тәп-тәуір нәтиже көрсетті (6-орын).
Ал Елена Хрусталева қысқы қашықтықтағы сында көш соңында қалды. Негізі, бұл да Хрусталеваның сүйікті бәйгесі емес. Дегенмен, бізді Еленаның жамбы атудың біріншісінде екі рет мүлт кеткені алаңдатады.
Шаңғы жарысы. Ерлер. Скиатлон (15 ш. классикалық әдіс + 15 ш. еркін әдіс)
16. Алексей Полторанин,
32. Евгений Величко,
49. Сергей Черепанов,
56. Марк Старостин.
Биатлон. Әйелдер. Спринт (7,5 шақырым):
57. Елена Хрусталева,
58. Дарья Усанова
64. Галина Вишневская
73. Марина Лебедева.
Тау шаңғысы.
33. Игорь Закурдаев,
42. Мартин Хубер,
43. Дмитрий Кошкин.
Жексенбі күні жүлделер сарапқа салынған қалған бес спорт түрінде қазақстандықтар бақ сынаған жоқ: шаңғымен тұғырдан секіру (екі спортшымыз да финалға шыға алмай қалған), конькимен жүгіру (әйелдер арасындағы 5000 м қашықтыққа бізден ешкім лицензия алған жоқ болатын), мәнерлеп сырғанау (командалық сынға біз қатыспаймыз), сноуборд (слоупстайл) және шана спорты.
Бүгін (дүйсенбі күні) Сочи Олимпиадасында бес медаль жиынтығы сарапқа салынады. Біз ерлер арсындағы фристайл (могул) сыны мен конькимен жүгіруден ерлер арсындағы 500 қашықтықтағы бәйгелерге елеңдеуліміз.