#Abai175: Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан эстафетаны қабылдады

viewings icon 647 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан Абайдың 175-жылдығына арналған эстафетаны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан Абайдың 175-жылдығына арналған эстафетаны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа 6 адам жолдаған. Қазақ ұлттық өнер университетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова, "Ақ Жайық" газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай-ақ актер, театр және кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа жолдаған болатын.

Атырау облысының әкімі Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" атты өлеңін оқып, эстафетаны профессор, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа, экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.

Айта кетейік, Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін эстафетаны қабыл алған үшеуі де Абайдың туындысын оқып, челленджді әрі қарай жалғастырған.

Бүгінге дейін эстафетаны қабыл алған еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары мен шенеуніктері ұлы ақынның туындыларынан үзінді оқыды. Ресейлік композитор Игорь Крутой да Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабылдап, Абайдың бір өлеңін оқыған еді.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
26°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю