Әділбек Ниязымбетовке Ақтаудан пәтер кілті табыс етілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© tumba.kz © tumba.kz

Маңғыстау облыстық әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжанов салтанатты түрде Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Тумба.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облыстық әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжанов салтанатты түрде Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Тумба.kz.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада-2016 ойындарында күміс жүлдеге ие болған спортшыға екі бөлмелі пәтер берілуі тиіс. Олимпиада ойындарының жүлдегеріне пәтер алуға бюджеттен 32 миллион теңге бөлінді. 

Облыстық әкімдіктегілердің айтуынша, екі бөлмелі пәтер қала орталығындағы ең әсем тұрғын үй кешенінде орналасқан. 

Бұл Әділбектің спорттағы жетістігі үшін алып отырған екінші пәтері. Бірінші рет екі бөлмелі пәтерді ол 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионаты кезінде күміс жүлдеге ие болып, екі бөлмелі пәтердің иесі атанған. Сол кезде Әділбек Ниязымбетов Олимпиада-2012 (Лондон)  ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алған болатын. 

Пәтерден бөлек, өңір басшысы Қырымбек Көшербаев спортшыға Chevrolet Cruze маркалы автомобиль мінгізген болатын. Өткен жылы Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев Әділбек Ниязымбетовке және оның бапкері Марат Жәкеевке Toyota жол талғамайтын көліктерін сыйлаған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro