Ипотека Алматыдан Астанаға ауысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Мансұр Хамит ©Мансұр Хамит

"Қазақстандағы ипотекалық ағым Алматыдан Астанаға ауысты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Ranking.kz порталына сілтеме жасап. Астананың үлесі бір пайызға артты, ал Алматы керісінше 1,2 пайыз жоғалтты. Портал таратқан мәліметке қарағанда, 2013 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша ипотека Алматыда 31,4 пайыз (271,5 млрд тенге), Астанада 17,8 пайыз (153,6 млрд) болған. Айта кетерлігі, 2013 жылы Астана ипотеканың локомотивіне айналды. Бір жыл ішінде нарық 18,5 млрд теңгеге өскен, яғни 13,7 пайызға. Ал, портал сарапшыларының айтуынша, Алматы осы уақыт аралығында өз позициясын жоғалтқан. Олардың сөзінше, ең жоғары көрсеткіш 8,7 млрд теңгені, яғни 3,3 пайызды ғана құраған. Бұған дейін банктерде артық қаржының болмауы себепті Қазақстанда ипотеканы қысқарту туралы сөз болған. Осыған орай, сарапшылар жылжымайтын мүлік бағасының арзандауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олардың пайымдауынша, баға 10 пайыз төңірегінде көтеріліп, түсіп құбылып тұруы ықтимал. Естеріңізге салсақ, 2013 жылы Қазақстанда ипотека тоғыз пайызға дейін төмендеген еді. 2013 жылдың қазанында тұрғын үй қарызының көлемі 25 млрд тенге болды. Бұл екінші деңгейлі банктер берген бір айлық несие көлемінің 3,5 пайызы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro