Жылжымайтын мүлік құны жыл соңына дейін өспейді - риэлторлар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлік бағасы өспейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығының президенті Нина Лукьяненко айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлік бағасы өспейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығының президенті Нина Лукьяненко айтты.

"Біз жылдың аяғына дейін тұрғын үй бағасының өспейтінін бағамдап отырмыз", - дейді ол. Сондай-ақ сарапшылар биылғы қаңтар-тамыз айларының аралығында тұрғын үй нарығында сату мен сатып алу келісімдері 14,7 пайызға кемігенін де алға тартып отыр.

Лукьяненконың айтуынша, тұрғын үй нарығында төлем қабілетінің төмендеуінен сату және сатып алу келісімдері кеміп отыр. Осыған орай ол жылжымайтын мүлік нарығында бағанының қымбаттауының алғышарттары көрінбейтінін нақтылады. "Рас, қазір елдегі кейбір банктер белсенділік танытып, қайтадан ипотекаландыру ісіне кірісті. Қайсыбір банктер бұған қатысты шарттары тиімді жаңа бағдарламалар легін ойластыруда. Дегенмен мұның барлығы жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның құбылуына әсер етпейді. Сондықтан келешекте бұл салада қымбатшылық орын алады деуге негіз жоқ", - деді қауымдастық президенті.

Сондай-ақ ол елімізде жылжымайтын мүлікке сұраныстың бар екенін де жоққа шығармады. Қауымдастық президентінің айтуынша, сұранысқа қарай төлем қабілетінің жоғары болуы қазір біз үшін өте өзекті жайт. "Жұртшылық тұрғын үй бағасының түсуін күтуде. Бірақ нарықтағы саудалаушылар бағаны төмен түсіріп, саудаласқысы да келмейді. Бұл арада біз сатып алушылардың төлем қабілеті болмаған жағдайда баға да басқаша түзілетінін нақты түсінуіміз керек. Қазір жылжымайтын мүлік нарығында қазір айтарлықтай өзгеріс жоқ. Сондықтан биылғы жылдың аяғына дейін елде баспана бағасы қымбаттайды деуге негіз де жоқ", - дейді сарапшы.

Бұған қоса Лукьяненко тұрғын үй нарығындағы ең басты мәселе ретінде баспана бағасының доллармен есептелетінін, ал жалақының теңгемен берілетінін де айтып өтті. Оның айтуынша, ақпандағы теңгенің құлдырауынан кейін бұл саладағы сатылым бағасы біршама өзгеріп, 20% баға өсімі байқалған. Жылжымайтын мүлік нарығындағы девальвацияға дейінгі баға қазір өзгерді. Ал болашақта бұл нарықтағы баспана бағасы сол девальвацияға дейінгі бұрынғы бағамен қайта түзілуі де мүмкін", - дейді ол.

Ал Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік нарығындағы кеңесші Руслан Унгефугтің сөзінен байқағанымыз, тұрғын үй нарығында сатып алушылардың сұранысының төмендеуіне тек ақпандағы девальвация ғана әсер етіп қойған жоқ, тұрғындардың демалыс мерзімі маусымының тап келуі де сатылым тенденциясына әсер еткен.

"Наурыз айында Астанада жылжымайтын мүлік бағасының түсе бастағаны байқалды. Бұл айда эконом-класс бағытында салынған шаршы метрі кіші пәтерлер сатылымға көбірек түскен. Ал элита санатына жататын пәтерлердің бағасы өткен жылдың күзінде болжағанымыздай, қазірде біраз құлдырады. Десек те эконом және бизнес санаттағы пәтерлермен салыстырғанда элита пәтерлерді сатып алуға келісімдер өте сирек жасалады", - дейді ол.

Унгефугтің айтуынша, қазірде Астанада жылжымайтын мүлік нарығында жалға алу үшін де эконом класс бағытында салынған пәтерлерге сұраныс артқан. Мұны ескерген Руслан Унгефуг те болашақта Астанада жылжымайтын мүлік нарығындағы баға өспейтінін, тіпті девальвацияға дейінгі бұрынғы бағам қайта түзілуі мүмкін екенін алға тартып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro