29 маусым 2015 | 15:11

Ақан Сатаев "Оралу" фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айжан Түгелбаева © Айжан Түгелбаева

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Оралу" фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Оралу" фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тарихи картинаның соңғы кадрлары Алматы облысындағы "Шамалған" бекетінде түсірілді. Айта кетейік, Жеңістің 70 жылдығына арналған лентаның түсірілім жұмыстары Беларусь пен Әзірбайжанда да өтті. Баку мен Минскте картинаның негізгі ұрыс эпизодтары, соның ішінде "Днепрді алу" көрінісі түсірілді. 

Оқиға өмірде түрлі қиындықты басынан өткерген адам жайында. Ол жастайынан үйінен кетіп, соғысты, тұтқындарға арналған лагерьді көреді, түрлі қиындықтарға тап болады. Осы жылдар ішінде ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Сюжет ұжымдастыру, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін қамтиды.

Ананың ролін театр және кино актрисасы Алтынай Нөгербек сомдады. Сонымен қатар, картинада басты рольдерде Әділ Ахметов ("Қара шаңырақ"), Аружан Жазылбекова ("Ограбление по-казахски") және Еркебұлан Дайыров ("Бауыржан Момышұлы") сияқты әртістер ойнады. "Оралу" картинасының сценарийін Тимур Жақсылықов жазды, музыкалық жұмыспен белгілі композитор Ренат Гайсин айналысты. Ақан Сатаевтың бұл фильмі прокатқа 2015 жылдың желтоқсанында, Тәуелсіздік күні қарсаңында шығады. "Оралу" фильмі "Казақфильм" киностудиясының Satai Film мен "Новый мир продакшн" студияларымен бірге жасаған жобасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети