29 жастағы ер адам Ресейге 10 тонна рельсті заңсыз алып өтпек болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оны Ақтөбе облысы, қазақстандық-ресейлік Шекара қызметінің "Әлімбет" бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары ұстады.

"Елімізден көршілес Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан "КАМАЗ" жүк көлігіне шекаралық бақылау өткізу кезінде жүргізушінің қолында жүкке арналған тиісті құжаттардың жоқ екендігін анықтады. Ал жүктің салмағын есептегенде 10 тонна теміржол рельстері болып шықты», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша материалдар Ақтөбе облысының ішкі істер органдарына берілді.