04 қараша 2016 | 10:34

Ақтөбеде теракт жасағандар өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде теракт жасағандар өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде теракт жасағандар өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.

Облыстағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әбдрахмановқа және басқаларға қатысты Ақтөбеде биыл маусымда болған терроризм дерегі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сот 60-тан аса жәбірленушіден және 40-тан аса куәгерден жауап алды. Процеске қатысушылар сотталушылардан жауап ала бастады.

"Сотта жауап алынған сотталушылар террористік топтың қызметіне қатысы барын жоққа шығармады, бірақ олар адамдардың өліміне өздерін кінәлі деп есептемейді, өз ісіне өкініп отыр. Сотталушылар өз ісін Таңатаров пен Айтуғанның үгітіне беріліп кеткенін айтып, түсіндірді. Таңатаров пен Айтуған оларды жергілікті құқық қорғау органдары мұсылман бауырларды қудалап жатқанын айтқан, иманды қыздарды зорлады деген, жиналғандарды сондықтан қаланың құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтіруге шақырған. Сотта терактіге қатысқандардың бірі "бұл оқиға кенеттен және жылдам болды" деп ақталды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қылмысты хабарламау бойынша айып тағылып отырған сотталушылар да өз ісіне өкінді. Олардың айтуынша, олар қылмысты хабарламаудың қылмыстық жауапкершілігі бар екенін білмеген.

"Сотта қылмысты жасырды деп айыпталып отырған сотталушы М.С.Ердауовтың қорғаушысы қосымша куәгерлерден жауап алуды өтінді. Бұл өтінішті сот қанағаттандырды. Қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр", - деп хабарлады соттағылар.

Еске салайық, 29 сотталушының 9-ы бірқатар қылмыс жасады деп айыпталып жатыр, сол айыптардың ішінде теракт ұйымдастыру да бар. Ал қалған 18-і қылмысты хабарламады және қылмысты жасырды деп айыпталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети