14 наурыз 2016 | 12:07

Айзада Авлатарованы ұрлаған адамның көршісі тағы бір жантүршігерлік қылмыс жөнінде айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Игорь Токарев сот залында. © Айнаш Өндіріс Игорь Токарев сот залында. © Айнаш Өндіріс

Алматы облысында 20 жастағы студент Айзада Авлатарованы ұрлағаны үшін айыпталып жатқан 45 жастағы Игорь Токаревке қатысты сот ісі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, сот жабық режимде өтіп жатыр. Авлатарова болса сот отырысына келген жоқ.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 20 жастағы студент Айзада Авлатарованы ұрлағаны үшін айыпталып жатқан 45 жастағы Игорь Токаревке қатысты сот ісі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, сот жабық режимде өтіп жатыр. Авлатарова болса сот отырысына келген жоқ.

Сотта Токаревке қатысты 2015 жылдың қыркүйегінде болған тағы бір зорлау ісі қарастырылып жатыр. 

Сот отырысына жәбірленушінің әкесі Олег Санжаров келді. Ер адам Токаревпен Тұрар саяжайында көрші болғанын айтты. Оның айтуынша, Токарев бір кездері Су арнасында жұмыс істеп, кейін жұмыстан шығып кетіп, тонау ісімен айналысқан.

Ер адамның мәліметінше, бір күні қараңғы уақытында Токарев оның үйіне терезе арқылы кіріп, оны басынан ұрған. Алған соққыдан ер адам есін жоғалтады. Жәбірленушінің әкесі осыдан кейін Токаревтің қызын далаға алып шығып, зорлағанын айтты.

Айта кетейік, Токарев бұған дейін төрт рет сотты болған. Оның ішінде адам зорлау, адам ұрлығы мен тонау әрекеттері бар. Соңғы рет ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, 2006 жылы босап шыққан.


Игорь Токарев сот залында. © Айнаш Өндіріс

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. Ал Игорь Токарев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети