Ақтау әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы, қала әкімі орынбасары қызметін атқарған Сағынғали Амангелдиевке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы "Лада" басылымы Ақтау прокуроры Талғат Әлібаевқа сілтеме жасап хабарлады.

Сағынғали Амангелдиев ҚР ҚК 361-бабы 2-бөлігі ("Қызметтік лауазымын асыра пайдалану") және 366-бабы 3-бөлгі 2-тармағы ("Пара алу") бойынша кінәлі деп танылды. Бұрынғы шенеунік 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтау прокурорының айтуынша, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Осы қылмыстық іс бойынша бұған дейін Ақтау тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас есепшісі және көгалдандырумен айналысатын екі еншілес компанияның басшылары ұсталған болатын.
2013 жылы Сағынғали Амангелдиев қарамағындағы қызметкерді балағаттағаны үшін жазаланған еді. Прокуратура Амангелдиевті мемлекеттік қызметкердің ар намыс кодексін бұзғаны үшін айыптады.