02 ақпан 2015 | 19:16

Бұрынғы күш құрылымы қызметкері ұйымдастырған қастандықтың жай-жапсары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kartinki24.ru сайтынан алынды Фото kartinki24.ru сайтынан алынды

Астанада тапсырыспен адам өлтірмек болған күдіктілерге қатысты сот болып жатыр, олардың арасында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері бар. Жәбірленуші кәсіпкер Игорь Кудин оған жасалған қастандық туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола гарнизонының қылмыстық істер жөніндегі әскери сотына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада тапсырыспен адам өлтірмек болған күдіктілерге қатысты сот болып жатыр, олардың арасында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері бар. Жәбірленуші кәсіпкер Игорь Кудин оған жасалған қастандық туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола гарнизонының қылмыстық істер жөніндегі әскери сотына сілтеме жасап. 

"Мен көлігімді қою үшін үйден шықтым. Сол кезде киллер мені аңдып тұрып, тығылып қалды. Мен көлікте отырғанда ол менің шекемді көздеп оқ атты, бірақ мүлт кетті. Мен айналып оның көзіне қарадым. Ол шырғалып қалды. Біреу сенің көзіңе қарап тұрғанда адам өлтіру қиын шығар. Ол менің жүрегіме оқ атты. Мен көліктен түсіп қаштым, ол арт жақтан оқ атып, омыртқама тигізді. Содан кейін мен айналып қарап едім, ол басымнан атты. Бас киімім басымнан түскен жоқ. Оқ бас киімді тесіп өтті", - деді бизнесмен журналистерге. 

"Олар мені үш апта бойы аңдып жүрді, көлігімнің артынан жүріп, бағытымды зерттеді. Жақын жерден пәтерді жалға алды", - деді жәбірленуші. Кудин қылмыстың себебін қысқа ғана түсіндірді: "Бақталасты жою. Бұл - бизнес", - деді ол.

Еске сала кетейік, кәсіпкер Кудин оқ жарақатымен біраз уақыт ауруханада жатты. Күдіктілер екінші мәрте қастандық жасауға дайындалып жүргенде ұсталды. 

Бұған дейін 2014 жылы 30 наурызда кешкісін Энергетик кентіндегі үйінің ауласында кәсіпкерге белгісіз біреулердің Макаров тапаншасынан үш рет оқ атып, оны ауыр жаралағаны туралы хабарланған болатын. 2014 жылдың маусым айында Астана полицейлері кәсіпкердің өміріне қайтадан қастандық жасауға дайындалып жүрген үш адамды ұстады, олар: қылмысты ұйымдастырушы 35 жастағы азамат (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері - Автор.), 45 жастағы делдал және 49 жастағы киллер. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

Тергеу барысында бұл қылмыстың тапсырыспен жасалғаны анықталды. Сонымен қатар, қылмысты орындаған киллердің осыған дейін қасақана адам өлтіріп, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлағаны, адам өміріне қастандық жасаудың ұйымдастырушысы болғаны анықталды. Ол бұрын ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен. Полиция қызметкерлері қылмыстың табиғи қазбаларды табу және сатумен айналысқан кәсіпкердің бизнесін иелену үшін жасалғанын анықтады.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлімі, 96-бабы 2-бөлімі ("Кісі өлтіру") және 308-бабы ("Билiктi немесе қызмет өкiлеттiгін асыра пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети