Мама Роза есімді жеңгетай ретінде белгілі Ольга Хамбулатова жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шығарды. Мама Роза Алматыда жынойнақ ұйымдастырғаны үшін айыпты деп танылды.

Сотталушы жалпы режимдегі колонияда жаза өтейтін болады. Сот оның мүлкін тәркілеу туралы да қаулы шығарды. Хамбулатованың адвокаты үкімді тым қатаң деп отыр.
Бұған дейін соттың бұқаралық ақпарат құралдарына процесс барысын жариялауға тыйым салғаны хабарланған болатын. Судья тиісті ұйғарымды Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 100-бабына сәйкес шығарған. Мама Роза аудандық ішкі істер басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Серік Бегәсіловтің кек қайтаруынан қауіптенеді. Сотталушы заңгерінің айтуынша, күдікті бостандықта жүр, егер Хамбулатова оған қарсы айғақ беретін болса, оның өміріне қауіп төнеді. Отырысқа қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдары туғызған қоғамдық дүрлігуге қатысты да шағымданды.
Айта кетейік, Мама Роза өз кінәсін ішінара мойындады. Ол сотта бұған дейін 29 сәуірде болды. Бірақ процесте өзін әлсіз сезінгенін айтып, жауап беруден бас тартты. Процестің басқа да қатысушылары жауап беруге дайын емес екендерін айтты. Қылмыстық іс мәліметтері бойынша Мама Роза мен оның сыбайласы - Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Серік Бегәсілов Алматыда жезөкшелер ордасын ұйымдастырған. Өз әрекетіне қалқан болған полицейге Хамбулатова ай сайын 4000 доллардан беріп тұрған.