"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран-тасығышының құлауы. ©РИА Новости
"Протон-М" түріндегі зымыран-тасығаштар апатының барлық салдарында адами фактор бар, яғни ол адамның кесірінен орын алған деп мәлімдеді Хруничев атындағы орталықтың бас директорының бірінші орынбасары Владимир Нестеров. Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. "Апатқа қатысты - бұл адами фактор деп нық айта аламын" деді Нестеров. Хруничев атындағы орталық "Протонды" өндіруші кәсіпорын боп табылады. Жаңартылған әскери қабылдау зымыран-тасығыштарды құрастыру сапасына әсер етті ме деген сауалға Нестеров: "Әскери қабылдау - сапаны бақылаудағы өте құнды фактор. Қабылдауда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан адамдар болса, ол өте тиімді. Қазір жас офицерлер келіп жатыр, олар біраз тәжірибе жинақтауы тиіс, сондықтан арада үзіліс болады" деді. Еске сала кетелік, 2013 жылдың 2 шілдесінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан көкке көтеріле бере үш "Глоннас-М" байланыс жерсерігі бар "Протон-М" зымыран-тасығышы құлап, үлкен апат орын алған. Осыған байланысты Қазақстан Ресейге экологияға келтірген зияны шығынының өтеуі ретінде 90 млн доллар талап еткен. Кейіннен Ресей бұл соманы нақтылау үшін өзіндік сараптама жүргізетіндерін мәлімдеген болатын. Жуырда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Байқоңыр" аймағына ҚР экология кодексінің ықпал ету және шығынды өтеу мәселесінің сағыздай созылып кеткендігіне көңілі толмайтындығын білдірген еді.
"Протон-М" түріндегі зымыран-тасығаштар апатының барлық салдарында адами фактор бар, яғни ол адамның кесірінен орын алған деп мәлімдеді Хруничев атындағы орталықтың бас директорының бірінші орынбасары Владимир Нестеров. Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Апатқа қатысты - бұл адами фактор деп нық айта аламын" деді Нестеров. Хруничев атындағы орталық "Протонды" өндіруші кәсіпорын боп табылады. Жаңартылған әскери қабылдау зымыран-тасығыштарды құрастыру сапасына әсер етті ме деген сауалға Нестеров: "Әскери қабылдау - сапаны бақылаудағы өте құнды фактор. Қабылдауда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан адамдар болса, ол өте тиімді. Қазір жас офицерлер келіп жатыр, олар біраз тәжірибе жинақтауы тиіс, сондықтан арада үзіліс болады" деді.
Еске сала кетелік, 2013 жылдың 2 шілдесінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан көкке көтеріле бере үш "Глоннас-М" байланыс жерсерігі бар "Протон-М" зымыран-тасығышы құлап, үлкен апат орын алған. Осыған байланысты Қазақстан Ресейге экологияға келтірген зияны шығынының өтеуі ретінде 90 млн доллар талап еткен. Кейіннен Ресей бұл соманы нақтылау үшін өзіндік сараптама жүргізетіндерін мәлімдеген болатын. Жуырда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Байқоңыр" аймағына ҚР экология кодексінің ықпал ету және шығынды өтеу мәселесінің сағыздай созылып кеткендігіне көңілі толмайтындығын білдірген еді.