Ғалымдар Жермен "құрдас" мутант-кометаны тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© eso.org © eso.org

Ғалымдар Жермен бір уақытта пайда болған делінген мутант-кометаны тапты. Гавай университетіне қарасты Астрономия университетінің Карен Мич бастаған зерттеушілері C/2014 S3 деп аталған комета-астероидының Күн жүйесінің құрылымдалуы кезінде пайда болғанын және жасының Жермен бірдей екенін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Science Advances журналында жария болған зерттеу қорытындыларына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар Жермен бір уақытта пайда болған делінген мутант-кометаны тапты. Гавай университетіне қарасты Астрономия университетінің Карен Мич бастаған зерттеушілері C/2014 S3 деп аталған комета-астероидының Күн жүйесінің құрылымдалуы кезінде пайда болғанын және жасының Жермен бірдей екенін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Science Advances журналында жария болған зерттеу қорытындыларына сілтеме жасап.

Ғалымдар C/2014 S3 кометасының денесінің ежелгі жартасты болып келетінін, оның Жер секілді қатты ғаламшарлардың түзілу материалына ұқсас екендігін айтып отыр. Бұл астероид Күн жүйесінің орталық бөлігінен атылып шығып, Оорт бұлтының (Құйрықты жұлдыз) аймағына түскен, сол аймақта мұзды күйінде миллиардтаған жылдар бойы болған.  

C/2014 S3 астероиды тұңғыш рет жерүсті Pan-STARRS1 телескобы арқылы бақыланған. Қазіргі уақытта оның Күнді 860 жыл бойы айналып жүргендігі анықталған. Бұл - нысанның бастапқыда Оорт бұлтында болғанын және таяуда оны бір күш Күнге қарай ығыстырғанын, солайша жаңа орбитаға шыққанын білдіреді. 

Алайда, C/2014 S3-ті комета дейін десе, оның қозғалысы бірыңғай емес екен. Ғалымдардың айтуынша, C/2014 S3 астероидының ашылуы Күн жүйесінің теориялық құрылымдалуының моделі үшін маңызы зор.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro