Алматыда Subaru көлігі Райымбек даңғылындағы гүл дүкеніне соғылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның куәгерлері хабарлады.
Олардың айтуынша, оқиға таңғы 9-10 шамасында 7 аурухана маңында болған. "Көлік жартылай дүкенге кіріп тұр. Сатушылар болмаған сияқты, зардап шеккендер жоқ. Көлік батысқа бет алып келе жатқан", - дейді куәгер.
Тағы бір куәгер де зардап шеккендерді көрмегенін айтады. "Жүргізуші қашып кеткен сияқты", - дейді ол.