Семейде бір түнде төрт көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Семейде бір түнде төрт көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық ТЖБ мамандарының хабарлауынша, қазір құқық қорғау органдары автокөлік өртенуіне қатысты бір-біріне ұқсас екі деректі тексеріп жатыр. Бірінші оқиға 3 қазанға қараған түні Шәкәрім көшесіндегі аулалардың бірінде болып, Toyota Land Cruser Prado автокөлігі жанып кетті. Өрттің салдарынан Toyota көлігінің жанында тұрған Honda CR-V де отқа оранды.
Құтқарушылардың айтуынша, бұл оқиғадан кейін бір сағат өткенде көршілес Дулатов көшесіндегі аулада дәл осылай екі көлік жанып кетті. Ол кезде Toyota Corolla мен Renault Sandero өртенді. Басқармадағылардың айтуынша, бұл дерек "қасақана өртеу" тұжырымы бойынша тексеріліп жатыр.
"Бұл оқиғалар ұқсас болды. Екі жағдайда да автокөліктердің алдыңғы бөліктерінен өрт шыққан. Яғни дөңгелек жақтан, кейін ол мотор бөлігіне қарай тарап, жанында тұрған темір тұлпарларға өршіген. Екеуі де бір-біріне ұқсайды", - деп хабарлады Семей қалалық ТЖБ аға офицері Қымбат Көпбаев. Айта кетейік, бұл жағдай Дулатов көшесінде бесінші рет болып тұр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өскеменде бір түнде бес көлік жанып кетті. Ол кезде де "қасақана өртеу" нұсқасы қарастырылған болатын.