Семейде жүк автокраны оқушы қыздарды қағып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Семейде жүк автокраны жаяу жүргінші жолында екі оқушы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Семейде жүк автокраны жаяу жүргінші жолында екі оқушы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 3 сауір сағат 14:00-де Қаржаубайұлы көшесінде болды. 12 жастағы екі қыз өздері оқитын мектеп маңындағы жолдан өтіп келе жатқан. Осы кезде 1969 жылы туған жүргізушісі қыздарды қағып кеткен. Семей мемлекеттік медициналық университетінің оқу госпиталіне жеткізілген екі қыздың да жағдайы ауыр. 

"Екеуі де ауыр жарақат алды. Бірінің жабық ми жарақатын алып, миы шайқалды. Бас сүйегі мен өзге де көптеген сүйектерін сындырды. Екінші қыз жабық ми жарақатын алды, миы шайқалды, желкесінің ұрылған және тілінген жерлері бар. Екеуі де жансақтау бөлімінде", - дейді жедел жәрдем бекетінің өкілдері. 

Жаяу жүргіншілер жолы қыздар оқып жатқан №3 орта мектеп маңында және осы тұста жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау туралы жол белгісі орнатылғанын айта кетейік. 

Семейдің ІІБ-ның мәліметінше, бұл дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-тарауы бойынша енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайы тексеріліп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro