Шығыс Қазақстанда полицейлердің тұжырымы бойынша, салттық қызмет көрсететін фирманың ғимараты өртелді, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Шығыс Қазақстанда полицейлердің тұжырымы бойынша, салттық қызмет көрсететін фирманың ғимараты өртелді, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Порталдың мәліметінше, оқиға кеше, 2 маусым күні Семейдегі Ильяшев көшесінде болған. Жеке фирмалардың біріне тиесілі, салттық қызмет көрсететін ұйымның ғимаратын өрт шалды. Мамандар бұл ғимараттың әдейі өртелуі мүмкін деп отыр.
"ШҚО ТЖД мәліметінше, алдымен аула ішіндегі ғимарат жана бастаған, кейін тілсіз жау жерлеу бюросын шарпыған. Ғимараттың шатыры мен терезелері өртеніп кетті. Өрттің жалпы ауданы - 220 шаршы метр", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, тергеушілер пожардың екі түрлі себебін қарастырып отыр, оның бірі - отпен абайсыз болу, екіншісі - әдейі өртеу.