Шымкентте жыл басынан бері иіс тиіп 7 адам көз жұмды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шымкентте жыл басынан бері жылыту маусымында жиі орын алатын төтенше жағдайдан 7 адам көз жұмды. Ал, мерекелік демалыста 101 пультіне 7 рет қоңырау шалынған, - деп хабарлайды "Отырар"

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте жыл басынан бері жылыту маусымында жиі орын алатын төтенше жағдайдан 7 адам көз жұмды. Ал, мерекелік демалыста 101 пультіне 7 рет қоңырау шалынған, - деп хабарлайды "Отырар"

Шымкентте 1 тәулікте иіс тиген 7 оқиға тіркелді. Одан зардап шеккендердің саны - 28. Құрбандар жоқ. Дегенмен, бұл сандар құтқарушыларды кәдімгідей сескендіріп отыр.

"Өздеріңізге белгілі, 7 оқиға болды. 28 адам жарақат алған. Оның себебі көбісі үйінде болып, жылыту жүйелерін дұрыс пайдаланбағандықтан улану оқиғасы болып жатыр. Оның алдын алу үшін қарқынды үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарынан жылыту жүйесіне қолданғанда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды сұранамыз", - деді Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша ТЖ бөлімінің басшысы Бахадыр Расулов. 

Қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары "Самал", "Ынтымақ", "Қазығұрт" шағынаудандарымен қатар бірқатар көшелерде жүргізілген. Халыққа көгілдір отын жайында үгіт-насихатты мамандар арнайы демалыс күндері жүргізді. Жұмыс күндері тұрғындар үйлерінен табылмайды. Нәтижесінде, 1 тәулікте 2000 үйді аралап, 3000 адам алдын алу жұмыстарымен таныс болды.

"Күн салқын болған соң барлық тұрғындар терезе есіктерін қымтап ұстайды. Үйді жылыту үшін қосымша электр тогын қосады. Олардың көбісі газ арқылы жұмыс істегеннен кейін улану процесі өршиді", - дейді Шымкент қалалық ТЖД басшысы Нұрболат Дербісов.

Сондай-ақ, бұл рейдке "ҚазТрансГаз" өкілдері де қатысты. Әр үйге кіріп, жылу жүйесінің жұмыс істеу барысын тексерді. Газдан ақауы бар үйлерге ескерту жасап, 5 күн ішінде қайта жөндеуіне мүмкіндік береді.

"Ақау 5 күн ішінде жойылуы үшін алдымен ескертіледі. 5 күн өткен соң тексеруге қайта шығамыз. Егер бұзушылықтар жойылмаса газды сөндіруге тура келеді", - дейді "ҚазТрансГаз" АҚ Шымкент қаласы филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Бауыржан Байтөреев.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада газдан улану бойынша 7 адам қайтыс болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге азайды. Дей тұрғанмен қайғылы оқиғаны мүлдем болдырмау - басты мақсат.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro