Бүгін түнде футболдан УЕФА Чемпиондары лигасының екінші електік сатысындағы ойындары аяқталып, "Ақтөбенің" келесі кезеңдегі қарсыласы анықталды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Бүгін түнде футболдан УЕФА Чемпиондары лигасының екінші електік сатысындағы ойындары аяқталып, "Ақтөбенің" келесі кезеңдегі қарсыласы анықталды, - деп жазады Tengrinews.kz.
УЕФА Чемпиондары аясындағы "Ақтөбе" – "Динамо" (Тбилиси) кездесуінен кейін Бухаресте жергілікті "Стяуа" мен "Стремсгодсет" арасындағы матч басталды.
Осыдан бір апта бұрын Румыния және Норвегия чемпиондары арасындағы бірінші ойында "Стяуа" 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Түздегі қарымта матчта "Стремсгодсет" жеңісті қолдан бермеуге тырысып бақты-ақ. Бір сағаттан астам (71 минут бойы) алаң иелерінің шабуылдарына төтеп берді де.
Алайда 72 минутта Румыния чемпионы қонақтарының қорғанысын бұзып, есеп ашты. Көп ұзамай, қорғанысы сөгілген Норвегия чемпионын екінші рет жасытты. Бұл ойын осылай 2:0 есебімен аяқталды.
Сөйтіп, жалпы есепте 3:0 есебімен шежіресі мол Румыния клубы басым түсті. Енді, "Ақтөбе" осы азулы командамен кездеседі. Қазақстан чемпионы осыдан бірер сағат бұрын "Динамо" (Тбилиси) клубын күйрете жеңген болатын.
"Стяуа" – Румынияның 25 дүркін чемпионы. 1986 жылғы УЕФА чемпиондары кубогы мен суперкубогының иегері. 1987 жылғы құрлықаралық кубоктың финалисі. 1989 жылғы УЕФА чемпиондары кубогының финалисі. 1947 жылы құрылған азулы клубтың халықаралық аренадағы және Еурокубоктардағы басқа да жетістіктері жетерлік.
Бірінші ойын 29 немесе 30 шілде күні Ақтөбеде, ал қарымта матч 5 немесе 6 тамыз күні Бухаресте өтеді.