Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013 жылғы жиын-терін науқанын қорытындылап, алқа отырысында табысын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр Асылжан Мамытбековтің айтуынша, 2013 жыл ауыл шаруашылығы үшін табысты болып отыр. "Ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан таза салмақта 19 млн. тонна астық жиналып отыр. Бұл 2012 жылға қарағанда 48 пайызға артық", - дейді министр. Астықтан бөлек, мақта бір гектардан 28, картоп 181, көкөніс 238, бақша дақылдары 212 центнерден өнім беріп, рекорттық көрсеткішті байқатқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылатын инвестициялар көлемі 2,5 пайызға артып, жалпы көлемі 142,1 млрд теңгені құрады. 2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 2,4 млрд АҚШ долларына бағаланған. Айта кететіні, экспорт кедендік одақ елдері арасында өткен жылы 65 пайызға өсті. "Қазақстандық астықтың экспортының ұлғаю тенденциясы байқалуда. Маркетингтік өлшем бойынша 2013 жылдың шілдесінен биылғы ақпан айына дейін астық эквивалентіндегі ұнды есепке қоса есептегенде шамамен 5,3 млн. тонна астық экспортталды. Бұл меже алдыңғы нәтижемен салыстырғанда 25 пайызға артық", - дейді А.Мамытбеков.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013 жылғы жиын-терін науқанын қорытындылап, алқа отырысында табысын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр Асылжан Мамытбековтің айтуынша, 2013 жыл ауыл шаруашылығы үшін табысты болып отыр.
"Ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан таза салмақта 19 млн. тонна астық жиналып отыр. Бұл 2012 жылға қарағанда 48 пайызға артық", - дейді министр. Астықтан бөлек, мақта бір гектардан 28, картоп 181, көкөніс 238, бақша дақылдары 212 центнерден өнім беріп, рекорттық көрсеткішті байқатқан.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылатын инвестициялар көлемі 2,5 пайызға артып, жалпы көлемі 142,1 млрд теңгені құрады. 2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 2,4 млрд АҚШ долларына бағаланған. Айта кететіні, экспорт кедендік одақ елдері арасында өткен жылы 65 пайызға өсті.
"Қазақстандық астықтың экспортының ұлғаю тенденциясы байқалуда. Маркетингтік өлшем бойынша 2013 жылдың шілдесінен биылғы ақпан айына дейін астық эквивалентіндегі ұнды есепке қоса есептегенде шамамен 5,3 млн. тонна астық экспортталды. Бұл меже алдыңғы нәтижемен салыстырғанда 25 пайызға артық", - дейді А.Мамытбеков.