Ақтөбеде заң институтының курсанттарына оқ атқан жігітке қатысты сот үкімі шықты. Ол төрт жылға бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды "Мой Город" интернет-порталы.
Ақтөбеде заң институтының курсанттарына оқ атқан жігітке қатысты сот үкімі шықты. Ол төрт жылға бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды "Мой Город" интернет-порталы.
Аң аулайтын мылтықпен өзінің курстастарына оқ атқан Ақтөбе заң институтының курсанты Мағжан Төлеужановтың ісін тергеу аяғына жетті. Қару қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін сот оны төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Прокурордың көмекшісі Гүлзира Көшербаева соттан оны бес жыл абақтыға жабуды сұраған болатын.
Қақтығысқа қатысқан басқа екі курстантқа қатысты істі тергеу екі жақтың ымыраласуымен аяқталды. Алайда институтқа шабуыл жасағандардың барлығы оқудан шығарылды. Курстың старостасы басқа ЖОО-на ауыстырылды. Ол қақтығысқа Ақтөбе облысы мен оңтүстіктің курстанттары арасындағы шиеленіскен жағдайдың себеп болғанын айтты. Судья Әлима Әділова заң институтының басшылығына жеке қаулы шығарды. Ол курстанттарға қадағалауды күшейтуді талап етті. Осы оқиғадан кейін институт басшылығының ауысқаны мәлім болды.
Еске салайық, Ақтөбе заң институтына 2013 жылдың 17 желтоқсанында шабуыл жасалған болатын. Бірнеше бұзақы темір бетонды дуалдан институт алаңына қарғып түсіп, мекемеге кірген. Олар курсанттармен төбелесіп, кейін қарумен бірнеше рет оқ атып, жасырынып қалған. Қақтығыс кезінде екі курсанттың жарақат алғаны хабарланды. 21 жастағы Азат Құрманбай мен 20 жастағы Олжас Ибрагимовтың арқаларына бытыра тиген. Полиция оқиға болған жерден аң аулайтын мылтықтың гильзасын тапқан.