Тәуелсіздік күні қарсаңында қалада жастарға несие берудің "Алматы жастары" сынамалы бағдарламасы бойынша кілттер мен тұрғын үй сертификаттары табыс етілді, бұл өміршең бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында қалада жастарға несие берудің "Алматы жастары" сынамалы бағдарламасы бойынша кілттер мен тұрғын үй сертификаттары табыс етілді, бұл өміршең бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді.
Алматы әкімдігі мен "Тұрғын үй жинақ банкі" бірігіп қолға алған "Алматы Жастары" бағдарламасының басты ерекшелігі жас мөлшерін ұлғайтып, 35 жасқа дейінгі жас алматылықтарды қамтығанында. Алғашқы жарна төлемесе де несие ең төменгі пайыз бойынша беріледі және жастардың қайда жерде жұмыс істейтіндігінің еш қатысы жоқ.
"Тұрғын үймен қамтамасыз ету - бұл жастарға қатысты маңызды мәселенің бірі, олардың жұмысқа орналасуы, білім алуы үнемі жіті назарда, сондықтан "Алматы Жастары" бағдарламасының аясында жыл соңына дейін 100 алматылық жас отбасы жеке пәтерлерінің кілтіттерін алады. Жастар бағдарламасы бойынша берілген заемға Алматыдан алғашқы үйді сатып алуға болады, сөйтіп ақша қалада қалады. Яғни, осы ақшадан құрылысшыларға жалақы төленеді, кәсіпорындарға тапсырыс беріледі, құрылыс компаниялары қала бюджетіне салық төлейді", - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Ол "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша салынған 6 мың пәтер кезекте тұрғандар арасында бөлінгенін де айтты. Жыл қорытындысы бойынша Алматыда кезекте тұрған әрбір төртінші отбасы жаңа үйге ие болады.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова "Алматы Жастары" бағдарламасының барынша ашық болуын қамтамасыз ету үшін арнайы www.almaty-zhastary.kz порталы ашылғанын, қатысушылар соған өтініш бергендерін айтты..Құжаттардың басым көпшілігі электронды үкіметтің өңірлік шлюзінде автоматты түрде сұрыпталды. Құжаттарды қоғам мен жастар өкілдерінен құралған тұрғын комиссиясы қарады..
Сарапшылар баллдық жүйе арқылы алматы жастары мен жас отбасыларға қолдау көрсетті. Мысалы, тұңғыш бала үшін 10, кейінгі әр бала үшін 15 баллдан берілді. Жұбайлық өмірдің әр жылына екі баллдан қосылды.
Қосымша баллдарға меншік түріне қарамастан қаланың әлеуметтік саласында жұмыс істейтін жастар ие болды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қосымша 10 баллдан берілді. Алматының бизнес ақаласы екендігі ескеріліп, жас кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілді, мұндағылар әр жұмыс істеген жылдары үшін бір жарым баллдан алды.
Жаңа пәтерлердің кілттерін алғашқы болып алғандар қатарында Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігері Әсия Миртаева, Қалалық адам репродукциясы орталығы зертханасының маманы Райгүл Жанғалиева, "АвтоГазАлматы" ЖШС инженер- операторы Нұрлан Сапаров жәнге басқалары бар. Жалпы, бағдарлама мәресіне 72-ден 162 дейін балл жинағандар жетті.
Қала әкімінің қолынан жеке пәтерінің кілтін конкурста 92 балл жинаған жедел жәрдем фельдшері Оксана Шефер алды.
"Мен Президентімізге және осы бағдарламаны ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын. Келер жылы да Алматыда жастар үшін тұрғын үй алуға жеңіл несие беретін осы Бағдарламаның жалғасуын қалаймын. Пәтер алғанымды білген менің әріптестерім, достарым аталған бағдарламаға зор қызығушылық танытуда. Өз пәтерімізге ие болғанымыз үшін біз бақыттымыз, барлықтарыңызды алдағы мерекелермен құттықтаймын", - деді Оксана Шефер.
Оксана Шефердің жалғыз өзі тәрбилеп отырға тоғыз жасар қызы Милана қуанышын жасыра алмай: "Мен жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатынымызға өте қуаныштымын әрі ит асырайтын боламыз!".
Еске салайық, Елбасының тапсырмасы бойынша 2017 жыл Алматыда Жастар жылы болып жарияланған еді. Жастар өмірін терең саралай келіп, Алматыда тұңғыш рет "2020 жылға дейін жастарды қолдаудың жол картасы" жасалды. "Алматы" ҰҚ" ӘҚК" АҚ-ның қаржыландыруымен жатақхана салу жобасы қолға алынды. 2000 орынды төрт жатақхана құрылысы аяқталып қалды. Келер жылдан бастап 2,4 мың орынды тағы екі жатақхана құрылысы басталады. Жалпы, 2020 жылға дейін қалада 7 мың орынды 12 жатақхана салынады.