10 қазан 2016 | 15:56

Алматыда қашан жылу беріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматыда жылыту маусымы 15 қазаннан басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілеріне" сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жылыту маусымы 15 қазаннан басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілеріне" сілтеме жасап.

Компания өкілдерінің айтуынша, ауа райының күрт суытуына байланысты денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне жылу 15 қазанға дейін беріледі деп шешім шығарылды. Қазіргі уақытта бірінші кезектегі барлық мекемелерде жылуды қосып жатырмыз. Негізінде жылу беру құзырлы органның қаулысы шыққаннан соң беріледі. Алайда, мына жағдайда сыртта ауа температурасының төмен болуына байланысты біз балабақшалар мен ауруханаларда жылуды ертерек беріп жатырмыз. Сәйкесінше 15 қазанда көпқабатты үйлер жылумен қамтылады", - деді "Алматы жылу желілері" баспасөз қызметінің маманы Наталья Инкина. 

Оның айтуынша, көпқабатты үйлерде жылу төтенше жағдайда ғана қосылады. "Мұның барлығы жылу энергиясы қолдану ережелері мен жылыту маусымының дайындығына байланысты. Осы ережелерге сәйкес, белгілі бір тұрақты ауа температурасы болуы тиіс. Егер бес күн бойы ауа температурасы 8 градус жылы болса, онда жылыту маусымын бастау қаулысы шығарылады", - деп түсіндірді Инкина. 

Осыған дейін, 2016-2017 жылыту маусымында Астанада 1 қазаннан бастап жылу берілетіні хабарланған. "Егер бес күн бойы ауа температурасы 10 градус болса, онда жылу қосылады", - деген еді Астана қалалық Жылу қуаты басқармасының басшысы Бақытбек Жапаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети