Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында үсікке байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында үсікке байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"10-12 сәуір күндері түнде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 0-3 градус үсік күтіледі, қатты жауын-шашын болады (жаңбыр қарға ұласады)", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстан аумағы арқылы шығысқа жылжыған салқын атмосфералық фронттардың алдағы тәулікте бірқатар облысқа жауын-шашын алып келетінін айтты. "Бұл салқын атмосфералық фронттар оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарына күшті жауын-шашын алып келеді", - деді 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялаған мамандар.