Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатта мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. ©Сенаттың баспасөз қызметі ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. ©Сенаттың баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның жалпы отырысында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның жалпы отырысында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев 11 наурыз күні "Нұр Отан" партиясы съезінде бірауыздан ұсынылған қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сайлаудағы президенттікке алғашқы кандидат ретінде тіркелгенін еске салды. 

"Елбасы партия съезінде қазіргі күрделі әлемдік жағдайда Қазақстан экономикасының өсімін арттыруды қарастыратын бес институционалдық реформа ұсынды. Олар - қазіргі заманғы және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заңның үстемдігі мен әділ сотты қамтамасыз ету, бірыңғай келешекті, ашық әрі есепті мемлекетті тұрғызуға бағытталған индустрияландыру мен экономиканы әртараптандыру жөніндегі кешенді шаралар", - деді Тоқаев. 

Сенат спикері депутаттарды Назарбаев идеяларын іске асыруға барлық күшті жұмсауға шақырды. "Мемлекет басшысының қоғамның ішкі саяси келісіміндегі ел жетістіктеріне негізделген қазіргі бастамалары қоғамның келешектегі одан әрі тұрақты экономикалық және саяси дамуы мен Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюына деген сенімді қалыптастырады. Бұл реформалардың табысты нәтижелерге қол жеткізуі халықтың берік еркі мен билігі жағдайында ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, бұл - үлкен сын және үлкен жұмыс, ол бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Құрметті депутаттар, сіздерді "Мәңгілік ел" идеясын және Президенттің біздің алдымызға қойған кешенді міндеттерін іске асыруға күш салуға шақырамын", - деді Тоқаев.  

Еске салайық, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Орталық сайлау комиссиясы бүгінге дейін үш кандидатты тіркеуге алды - "Нұр Отан" партиясы атынан үміткер Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халық партиясының атынан үміткер Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынушы Әбілғазы Құсайынов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro