Назарбаев Қайрат Келімбетовті қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қайрат Келімбетов Елбасыға республикада Қазақстан Президентінің бастамасымен озық әлемдік тәжірибе негізінде құрылған, қаржылық қызметтер көрсететін жетекші орталық қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығының іске асырылуы туралы баяндады.   

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) стратегиясын жүзеге асыру ел экономикасына елеулі қаржы ресурсын тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының өзегіне айналып, Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы хабы рөлін атқаруға тиіс", - деді Елбасы.  

Қайрат Келімбетов былтырғы желтоқсан айында "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңға қол қойылуы посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығы қағидаты негізінде жұмыс жүргізе бастауға мүмкіндік бергенін айтты. 

Қаржы орталығының басқарушысы Қазақстан Президентін АХҚО-ны құру туралы идеяның халықаралық инвестициялық орта өкілдері тарапынан өте жоғары бағаға ие болып отырғаны туралы хабардар етті.

"Мемлекет басшысының шетелге сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар орталықтың жұмысына ерекше серпін беріп отыр. Атап айтқанда, "10 триллион" клубының өкілдерімен өткен кездесудің табысты болғаны атап өтілді", - деді Қайрат Келімбетов.

Мемлекет басшысы қаржы қызметтері нарығының әлемдік көшбасшыларымен ынтымақтастық орнатудың және АХҚО қызметкерлерінің жоғары кәсіби құрамын жасақтау бағытында жүргізілетін жұмыстың маңыздылығына баса назар аударды. 

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro