Путин: Каспий аймағы - бейбітшілік оазисі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Путин. ©РИА Новости Владимир Путин. ©РИА Новости

Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының IV саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Каспий аймағы - бейбітшіліктің оазисі деп мәлімдеді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі саммит өтіп жатқан Астрахань қаласынан хабарлайды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының IV саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Каспий аймағы - бейбітшіліктің оазисі деп мәлімдеді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі саммит өтіп жатқан Астрахань қаласынан хабарлайды.

"Каспий теңізі мен оның байлығы - біздің мемлекеттердің тарихи мұрасы, оны сақтау мен көбейтуға біз келешек ұрпақ алдында бірлесе жауаптымыз. Каспий аймағы, бейнелі түрде айтқанда, бейбітшіліктің және шынайы тату көршілестіктің оазисі. Бұл тұрақтылықтың негізі - Каспий жағалауы мемлекеттерінің, олардың халықтарының, басшыларының Каспийге қатысты барлық нәрсеге деген қамқорлығы. Мейлі қауіпсіздік, экономика немесе қоршаған ортаны қорғау мәселесі болсын", - деді Путин Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қазақстан басшыларымен кездесу барысында.

Ол Каспийге жан-жақты өзара әрекеттестік етудің қағидаларын айқындайтын саяси мәлімдеме қабылдау керектігін айтты, келешектегі базалық құжаттың тірегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция болуы тиіс.

"Біздің бес мемлекеттің өзара ынтымақтастығының одан әрі өркендеуі аймақтық тұрақтылықтың нығаюына, терроризммен, экстремизммен, есірткі айналымымен, басқа да қауіп-қатерлермен күресудің тиімділігін арттыруға ықпал етеді және біздің мемлекеттердің экономикалық дамуына қосымша қарқын береді, олардың әлемдік нарықтағы бәсекегеқабілеттілігін арттырады деп сенемін", - деді Ресей президенті.

Сонымен бірге, Путин тараптар көлік, Каспий теңізінің экожүйесін қорғау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша шараларды талқылап, халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатынын айтты.

Айта кетейік, Ресейге сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жанында Энергетика министрі Владимир Школьник жүр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro