28 шілде 2014 | 15:56

Тараз әуежайы рейстерді қабылдай алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Тараз әуежайы қолайсыз ауа райына байланысты рейстер қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың анықтама қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тараз әуежайы қолайсыз ауа райына байланысты рейстер қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың анықтама қызметіне сілтеме жасап.

Күшті желдің салдарынан Тараздан Астанаға ұшатын және кері бағыттағы рейс жеті сағатқа кешіктірілген. SCAT әуе компаниясының ұшағы 14.15-те ұшуы тиіс болған, енді 21.00-де ұшпақ. "Бүгін бізде екі рейс қана. Алматы бағытындағы рейстер кестеге сай аттанады. Кейінге қалдырылған жоқ", - деп хабарлады әуежай қызметкерлері.

Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары, жемқорлыққа қарсы "Жаңару" жалпыұлттық қозғалысы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов Instagram-дағы бетінде Астанадан шығатын рейстің кідіруіне байланысты "Қазақстан-Тараз" телеарнасындағы тікелей эфирге үлгере алмайтынын хабарлады. 

Бұған дейін "Қазгидромет" кәсіпорны 28 шілде күні Жамбыл облысында дауыл болатыны туралы ескерту жариялаған еді. Өңірде оңтүстік-батыстан 18-23 м/с жел соғып тұр, күндіз кей жерлерде жел екпіні секундына 30 метрден асады. Бофорттың 12 балдық шкаласы бойынша мұндай құбылыс 8-9 деңгейлі жел делінеді, ол ағаштарды сындырып, шатырларды ұшырады. Тараз әуежайы соған байланысты рейстерді қабылдай алмай отыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети