Қазақстан Халықаралық валюта қорынан қаражат алуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз ХВҚ-дан қарыз немесе басқа да қаржылай көмек алуды жоспарлап отырған жоқпыз", - деді Ақышев Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Ақышевтің айтуынша, Ұлттық банк Халықаралық валюта қорымен бірге болжам және макроэкономикалық сараптама жасау жүйесін дамыту бойынша жұмыс істеуді жалғастыра береді.