Мағжан Әуезов "Қазкоммерцбанк" басқарма төрағасы қызметінен кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әуезовке Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) кеңесінің төрағасы болу ұсынылған.
Мағжан Әуезов "Қазкоммерцбанк" басқарма төрағасы қызметінен кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әуезовке Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) кеңесінің төрағасы болу ұсынылған.
"30 наурызда Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) кеңесі өтті, оған жетекші қаржы институттарының басшылары - ҚҚҚ құрылтайшылары кіреді. 11 сәуірде өтетін ҚҚҚ-ның жалпы жиналысына байланысты, ҚҚҚ Кеңесінің жаңа төрағасы лауазымына Қазкоммерцбанк басқарма төрағасы Мағжан Әуезов ұсынылды. Бұл туралы бүгін банк ұжымына Әуезов мырза хабарлады. Егер 11 сәуірде ол ҚҚҚ-ның жаңа басшысы болып сайланса, мүдделер жанжалын болдырмау үшін, Әуезов Қазкоммерцбанктегі қызметінен кетеді, сонымен қатар, банктің директорлар кеңесінің құрамынан шығады", - деді банктің баспасөз қызметіндегілер.
Әуезов қызметінен кеткен жағдайда, директорлар кеңесі банктің жаңа басшысын тағайындағанша басқарма төрағасының міндетін Қазкомның басқарушы директоры Әділ Батырбеков уақытша атқарады. "Әзірше Мағжан Әуезов "Қазкоммерцбанкті" басқарып отыр. Бұдан кейінгі жаңалықтарды хабарлап отырамыз", - деді банктегілер.
Еске сала кетейік, кей жылдары Әуезов Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры, басқарма мүшесі, "Москоммерцбанк" еншілес банкі директорлар кеңесінің төрағасы, "БТА банк" АҚ басқарма төрағасы болды. Мағжан Әуезов 2015 жылы 31 наурызда Қазкоммерцбанк басқарма төрағасы болып тағайындалды.