I'm a Singer Kazakhstan: Көпшілік кімді таңдады?

viewings icon 243 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Өткен жексенбіде I'm a singer Kazakhstan жобасының екінші шығарылымы 31 арна эфиріне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өткен жексенбіде I'm a singer Kazakhstan жобасының екінші шығарылымы 31 арна эфиріне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл эпизод көрерменге бұрынғыдан да тамаша музыка, ғажайып жүрек тебірентер сәттер және жан қиналысын сыйлап, байқауға қатысушылар тізіміне үлкен өзгеріс енгізді.

Башқұртстаннан келген қатысушы Айтуған Гайзуллин күтпеген жерден көпшілікті таңғалдырды! Бірінші турда көремендердің дауысымен тоғызынша орынға тұрақтаған жас жігіт реванш алуға бел буыпты. Ол башқұрттың "Уралым" деп аталатын халық әнін орындап, әннің этникалық мақамының халыққа ұнағаны сонша, Айтуғанды тізімнің басынан бір шығарды.

Бірінші шығарылымның көшбасшылары Ерден Жақсыбеков пен қытайлық Ту Юн Фу рейтингтің ортасына түсіп, басқаларға жол беріп қойды.

Бәрінен бұрын Татарстаннан келген жас әнші Зарина Хасаншинаның жолы болмады. Бойжеткен көпшіліктің көңілінен сол күйі шыға алмай, жобадан кеткен бірінші қатысушы атанды.

"Бұл өте ауыр таңдау болды. Маған барлық әнші ұнайды. Әрқайсысының жеке стилі, қолтаңбасы бар. Сонысымен басқа мыңдаған әншіден ерекшеленеді. Бүгін сахнада өнер көрсеткен он қатысушы әндерін бар ынта-ықыластарымен, жан жүректерімен орындап шықты. Сондықтан кімнің қалып, кімнің кететіні маған байланысты деген кезде, қатты сасып қалдым. Дұрыс таңдау жасадым ба, ешкімді ренжітіп алған жоқпын ба деп әлі де уайымдап отырмын. Бұдан кейін мұндай жағдайға тап болматын шығармын", - деді жобадан бір қатысушыны шығаруда шешуші дауысқа ие болған сарапшы қазылар алқасының мүшесі, Қытайдан келген қазақ әнші Арай Айдархан.

Ал әзірге жобаға қатысушылар сәттілік те көрерменнің махаббаты сияқты, оңай нәрсе емес екенін түсінді. Оны ұстап қалу үшін жай ғана жақсы әнші болып қоймай, көп еңбектену керек. Өйткені келесі кезеңде көрермен тағы бір әншімен қош айтысады. Ол кім болуы мүмкін? Келесі жексенбіде, 31 арнамен бірге тамашалайсыздар!

Жобаның бас демеушісі - Forte bank.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
11°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro