Қант ақшаға құныққан өткізушілер мен алыпсатарлардың кесірінен қымбаттап жатыр. Ауыл шаруашылығы мен ветеринария басқармасы Алматы қаласындағы супермаркеттердегі, дүкендердегі және базарлардағы азық-түлік тауарларына күн сайын мониторинг жасап жүр. Соңғы апта ішінде қант бағасын еш негізсіз көтерген оқиғалар байқалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы мен ветеринария басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қант бағасының көтерілуі алыпсатарлық сипатқа ие. Қант тапшы деген жайсыз хабарды ести сала оны жеткізушілер мен өткізушіле базардағы қат бағасыз көтерген, соның салдарынан қолдан жасалған алаңдаушылық пайда болған", - деп хабарлады тамақ өндірісі бөлімінің басшысы Дамир Тазабек.
Айта кетерлігі, ірі сауда орындарында қант бағасы көтерілмеген. Тұрақтандыру қоры тауар интервенциясын жоспарлы жүргізіп жатыр. Оның үстіне, тұрақтандыру қоры отандық өндірушілерден тағы да 1500 тонна қант сатып алуды жоспарлаған.
Жасалған сараптамаға сай базардағы сатушылар мен делдалдар өткізілетін өнімнің өзіндік құнын 40 пайызға дейін көтеруде. Ал супермаркеттерде әлеуметтік мәні бар тауарлардың көтерме бағасы небәрі 11 пайызды құрайды. Қазіргі кезде қаладағы қанттың орташа бағасы - 245 теңге, өнімді Алматыға дейін жеткізудегі әр тоннаның бағасы 220 мың теңге.
Еске салайық, 1 қазаннан бастап Алматы және Жамбыл облыстарында (Ақсу, Көксу, Мерке) 150 мың тонна қант өндіретін 3 зауыт іске қосылады деп күтілуде. Демек, қант тапшылығы мен оның бағасының көтерілуі еш қисынсыз. Бұдан өзге, Басқарма хабарлағандай, қазірдің өзінде 10492 тонна қант бар, олардың1500 тоннасы қоймаларда, 4000 тоннасы кәсіпорындарда, 2236 тоннасы уақытша сақтау алаңында, 2756 тоннасы жолда.