07 қазан 2016 | 15:59

Бензин бағасы 150 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе? - пікір

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшісі сарапшылармен сұхбаттасып, жақын уақытта бензин бағасы 150 теңге болып кетуі қаншалықты мүмкін екенін білді. Айта кетейік, Алматының кейбір ірі жанармай станцияларында бензин бағасы 129 теңге мен 132 теңге арасында құбылып тұр. 


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі сарапшылармен сұхбаттасып, жақын уақытта бензин бағасы 150 теңге болып кетуі қаншалықты мүмкін екенін білді. Айта кетейік, Алматының кейбір ірі жанармай станцияларында бензин бағасы 129 теңге мен 132 теңге арасында құбылып тұр. 

Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғановтың айтуынша, бензиннің литрі 150 теңге болуы әбден мүмкін. Оның үстіне бұл баға бүгінде орынды болып келеді екен. Мұның алдында экономист рубль бағамы теңгеге қатысты қаншалықты көтерілсе, екі елдегі бензин мен дизельдік отын бағасында соғұрлым айырмашылық болатындығын атап өткен. Ол кезде Байғанов екі ел арасындағы баға айырмашылығын реттеу үшін Қазақстан үкіметіне ерте ме, кеш пе жанармай бағасын көтеруге тура келетіндігін айтқан . Оның ойынша, Ресейдегі қымбат бензин жақын уақытта Қазақстанда жанармай жетіспеушілігін тудырады. 

"Ашық шекаралар шеңберінде (Еуразиялық экономикалық одақ) бағаларда айырмащылық үлкен болса, төмен бағадағы жанармайдың көршілес елдерге шығарыла бастауынан Қазақстанда жанармай тапшылығы болады. Сонымен бірге мұнай бағасы өсуін жалғастырса, мұнай өндірушілерге ел ішінде дайын өнім сатқаннан гөрі, шикізат күйінде экспортқа шығарған тиімдірек болады. Бірақ бұл мемлекет тарапынан реттеледі деп ойлаймын. Бүгінде басты қиындық - көрші елдермен салыстырғандағы жанармайға деген бағаның үлкен айырмашылығы.

Алайда жанарамай бағасы ары қарай өсе берсе, бұл инфляция деңгейінің артуына әкелуі мүмкіні деген де ой айтады сарапшы. "Бұл мемлекет үшін тиімсіз, сондықтан үкімет бар күшін жұмсап, бағаны ұстап тұруға тырысады. Бірақ бұл белгілі бір себептерге байланысты (көршілермен бағаның айырмашылығынан) мүмкін болмай жатады. Инфляцияның өсуі алдағы базалық ставканың төмендеуіне әкеледі, бұл да экономика үшін пайдалы емес. Көріп тұрғаныңыздай, жанармай сияқты маңызды өнімнің бағасы бүкіл экономикаға әсер етеді", - деп пікірін білдірді Байғанов. 

Мұнай газ нарығының сарапшысы Сергей Смирновтың пікірінше, бензин бағасы біртіндеп көтеріледі және бағаның бірден өсуіне мемлекет жол бермейді. "Бағалар баяу болса да, өсетіндігін түсіну керек. Қазақстанда МӨЗ-дер жанармай сұранысын қанағаттандырмайды, өйткені МӨЗ-дерді модернизациялау бағдарламасы іске аспай қалды десе де болады. Жоспар бойынша оны 2015 жылы аяқтау керек болатын, ал қазір 2016 жылдың аяғы десе де бітуге әлі көп уақыт қажет сияқты", - дейді сұхбат беруші.

Еске салайық, Қазақстан 4 тамызда дизельдік отын бағасын реттеуден бас тартты. Мұның алдында бензин бағасын реттеу алынып тасталған. Алайда, сарапшылардың айтуынша, өкілетті орган бензин бағасын реттеуді жалғастырып отырған. "BRB Invest" ЖШС директоры  Галим Хусаинов еркін баға түзілу етіп көрсете отырып,  бағаны қашанғы ұстап тұрады деген сұрақ қойған. Ол кезде сарапшы АИ-92 құны нарықтағы бағаға сәйкесу үшін, ол литрі үшін 145 теңге болуы керек деп есептеген, бірақ АИ-80 мен дизельдік отын бағасын сол күйде ұстап отырған жағдайда.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети