Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте келекшете жанар-жағармайдың арзандамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте келекшете жанар-жағармайдың арзандамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сіздерге ғажайыптардың болмайтынын айтқым келеді. Біз қазіргі заманғы технологияларды іске қосу үшін ақша жұмсаймыз, банктерден қарыз аламыз. Ол банктерге белгілі бір мерзімде оларды қайтару керек. Бұл шаралардың салдарынан, мен ойлаймын, жанар-жағармай арзандамайды", - деді Қарабалин "келешекте жанар-жағармай бағасы қымбаттай ма?" деген сауалға.
Ол "Қазақстан не себепті мұнай өнімдерін жеткілікті деңгейде өндірмейді?" деген сауалға "Бұл - бүгіннің мәселесі емес. Қазақстанда толық өндірісті қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты үш жыл бұрын Үкімет зауыттарды қайта салу жөнінде үлкен бағдарлама қабылдады. Ол зауыттар тоқтап қалды деген сөз емес, олар өнімділігін жоғалтпайды, бірақ сонымен бірге күрделі жөндеу жүргізіліп жатады. Біз 2016 жылы үш зауыттың құрылысын да аяқтаймыз деп отырмыз. Күрделі жөндеуден соң зауыттардың қуаттылығы артып, жанар-жағармайдың сапасы жақсарады", - деп жауап берді. Қарабалин 2016 жылы Қазақстан ішкі нарықты өз жанар-жағармайымен қамтитын болатынын айтты.
Сонымен бірге, ол брифингте елдегі жанармай нарығының қазіргі ахуалы туралы айтып берді. Оның айтуынша, жанар-жағармай тапшылығын түгел жою мүмкін болмай тұр. Бірақ күздің соңына қарай "жағдай тұрақты болады".
Еске сала кетейік, 21 тамыз күні Қазақстанның ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мұнай өнімдерінің шектік бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Сөйтіп, АИ-92/93 жанармайларының бағасы литріне 128 теңге болып жоғарылады.