20 ақпан 2017 | 17:29

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 11 пайыз деңгейіне төмендету туралы шешім қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізбен 11 пайыз деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізбен 11 пайыз деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша инфляция 6-8 пайыздық нысаналы дәліз шегіне енді. Сонымен қатар, инфляциялық күтулердің төмендеуі, ішкі валюта және ақша нарықтарындағы тұрақтылық пен ахуалды алдын ала болжаудың артуы, іскерлік белсенділіктің қайта қалпына келуі, сондай-ақ сыртқы экономикалық жағдайлардың қолайлы болуы ақша-кредит жағдайларын жұмсартуға негіз болғаны айтылады. "Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі баға және қаржылық тұрақтылық арасындағы ұзақмерзімді теңгерімді көрсетеді және тиісінше, ақша-кредит саясатын одан әрі жұмсарту әлеуеті шектеулі", - делінген ҰБ хабарламасында.

Базалық мөлшерлеме бойынша шешім мынадай факторлар ескеріле отырып қабылданған: 2017 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,9 пайыз болып, баяулады және Ұлттық Банктің болжамдарына толық сәйкес келеді. Жекелеген тауар нарықтарында, ақылы қызметтер нарықтарында бағаның жылдам өсуі инфляцияның жалпы деңгейінің серпініне айтарлықтай әсер етпейді және басқа тұтынушылық тауарлар мен қызметтер нарықтарындағы қалыпты баға үрдістерімен өтелетін болады.

"Халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты қаңтарда жүргізілген пікіртерімге сәйкес респонденттердің инфляцияның болашақтағы деңгейіне қатысты күтулерінің байқалып отырған жақсару үрдісі олардың про-инфляциялық әрекеттерінің жұмсарғанын көрсетіп отыр. Инфляциялық күтулердің сандық бағасы халықтың күтулерінің нысаналы дәліз шеңберінде қалыптасатынын және нақты инфляция мәнінен төмен (қаңтарда – 6,6%) деңгейде белгіленетінін көрсетіп отыр. Бұл ретте инфляцияның жоғары болатынын күтетін респонденттердің үлесі өткен жылдың ортасынан бері ең төменгі мәнге азайды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Осылайша, қолайсыз күйзелістер болмаған жағдайда, инфляция орнықты түрде бүкіл 2017 жыл бойы, сондай-ақ 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында нысаналы бағдар шегінде болады. Халықтың да, валюта нарығына кәсіби қатысушылардың да девальвациялық көңіл-күйі азаюда, бұл пікіртерім нәтижелерінен және валюта тәуекелдерін хеджирлеу құнынан көрініп отыр екен.

Депозиттік нарық бойынша деректер банктік салымдардың долларсыздану процесінің жалғасып жатқанын және салымшылардың ұлттық валютаны артық көру үрдісінің сақталып отырғанын көрсетіп отыр. Алдын ала деректер бойынша шетел валютасындағы депозиттер үлесі 2017 жылғы қаңтардың соңында 53 пайызға дейін төмендеді.

Экономиканы қайта қалпына келу белгілері анық көрінуде. Экономиканың базалық салаларының дамуын көрсететін қысқамерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтарда 103,8 пайызды құрап, қалыпқа келетін өсу аймағында болып отыр. 2017 жылы нақты ІЖӨ-нің өсуі 2 пайыздан асатын деңгейде болжанып отыр.

Іскерлік белсенділіктің қайта қалпына келуінің және ішкі ақша және валюта нарықтарындағы тұрақтылықтың жағымды белгілерінің болуына қарамастан, экономиканың одан әрі дамуы үшін, бірінші кезекте, инфляциялық процестер үшін әлеуетті тәуекелдері бар сыртқы және ішкі күйзелістердің туындау ықтималдығы сақталуда. Олардың ішінен әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы баға белгіленімдеріне өте қатты тәуелділікпен, сондай-ақ сауда әріптестері елдерінің экономикаларын қалпына келтіру жылдамдығымен байланысты сыртқы
тәуекелдерді де, бюджет шығыстарын ұлғаю жағына қарай қайта қарауды да атап өткен жөн. Базалық мөлшерлеме бойынша болашақтағы шешімдер ішкі сұраныстың іргелі факторларының бұдан кейінгі серпініне және қаржы секторындағы ахуалдың орнықтылығына байланысты болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети