Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес. Бұл туралы "Астана" арнасы жолдаған сауалға берген еліміздің Ұлттық банкінің жауабында айтылады.
"Интеграциялық бірлестікке мүше елдер ортақ валюта енгізу үшін, бірдей валюталық, ақша-несие саясатын жүргізу керек. Оған қоса Еуроодақ тәжірибесіне сәйкес салық-бюджет саясаты да бірдей болуы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің құрылымы мен экономикалық ерекшеліктері, ақша-несие, салық-бюджет саясаттарының айырмашылықтары, төлем қабілетінің, табиғи ресустарының әр түрлі болуы ортақ валюта енгізуге мүмкіндік бермейді. ЕАЭО шеңберінде ортақ валюта енгізу талқыланған емес", - делінген хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ валютасының "евраз" деп аталуы мүмкін екендігін айтқан болатын.
Ұлттық банктің жауап бергені дұрыс болған, әйтпегенде халық арасында жалған хабарламалар тарап кетіп жатыр
Естеріңізде болса Лукашенко мен Назарбаев ортақ валютадан бас тартқан болатын, содан бері ешнәрсе өзгере қоймады
Ортақ валюта долларға қатты соққы береді, брақ біздің Президент теңгеден айырылмаймыз деп мәлімдеме жасаған болатын