Елордада жаңа өнер галереясы ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астанада "Құланшы" қазіргі заманғы өнер орталығы мен Форте банктің қолдауымен ForteBank Kulanshi Artspace жаңа өнер галереясы ашылды, онда әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі суретшілердің туындылары мен инсталляцияларының көрмелері өткізіліп тұрмақ. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада "Құланшы" қазіргі заманғы өнер орталығы мен Форте банктің қолдауымен ForteBank Kulanshi Artspace жаңа өнер галереясы ашылды, онда әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі суретшілердің туындылары мен инсталляцияларының көрмелері өткізіліп тұрмақ. 

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, елорданың шығармашылық зиялы қауымы мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. 

Бастамашылар бұл галерея елорда өнерін жаңа деңгейге көтеріп, ағартушылық жұмыстың пәрменді құралына айналарына сенеді. 

"Астана тұрғындарының атынан "Құланшы" қазіргі заманғы өнер галереясына және Форте банктің басшылығына осы жобаны іске асырғандары үшін алғыс айтамын, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын үлгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан озық мемлекеттердің қатарына қосылып, әлемдік аренада танымал болды. Өркениетті әлемде қазақ жерінің байлығы мен қазақ халқының қонақжайлылығы туралы білмейтін ел жоқ. Және қазір өзімізді мәдениеті бай, шығармашылық әлеуеті зор мемлекет ретінде танытатын уақыт келді", - деп мәлім етті Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Галереяны іске қосу аясында қазақстандық бейнелеу өнерінің "Мәңгілік мұра" атты көрмесі ашылды. Экспозицияға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің үздік суретшілерінің туындылары енгізілді. Авторлардың айтуынша, Орта Азия елдері мәдениетінің мұндай синтезі бүкіл әлем бойынша өнерсүйер қауым үшін таптырмас олжа, және елорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығары анық. 

Авторлар Париждегі Лувр, Лондондағы британдық мұражай және Тейт галереясы, Мәскеудегі Третьяков галереясы және әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған туристер сүйіп баратын басқа да мәдени нысандар сияқты Астанадағы картина галереясы да Қазақстан өнері мен мәдениетінің символына айналатынына сенімді. 

"Мәңгілік мұра" көрмесі 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты күн сайын сағат 10:00 - 20:00 аралығында өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro