Отқа май құйғанмен, діннен шыққан қазақ жоқ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Келін босағадан аттап түскенде отқа май құйғызу – қазақтың тәңірлік сенімге иланған кезінен, бәлкім, одан да ертеректен келе жатқан ежелгі дәстүрі. Бұл дәстүрдің Ислам шариғатымен байланысы жоқ. Ескеретін басты мәселе – тәңірлік сенімнен қалған ырым-тыйымдардың қазіргі күні ғұрыптық (ритуалдық) жағы ғана сақталып, сенімдік жағы, мазмұны мүлде өзгеріп кетті. Мұндай ырымдарды қазір ешкім ежелгі түсініктерге негіздеп ұстанбайды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Келін босағадан аттап түскенде отқа май құйғызу – қазақтың тәңірлік сенімге иланған кезінен, бәлкім, одан да ертеректен келе жатқан ежелгі дәстүрі. Бұл дәстүрдің Ислам шариғатымен байланысы жоқ. Ескеретін басты мәселе – тәңірлік сенімнен қалған ырым-тыйымдардың қазіргі күні ғұрыптық (ритуалдық) жағы ғана сақталып, сенімдік жағы, мазмұны мүлде өзгеріп кетті. Мұндай ырымдарды қазір ешкім ежелгі түсініктерге негіздеп ұстанбайды.

Ақ босаға аттап, отқа май құйып жатқан қазіргі келіндер бұл ырымды от пен майға табынғандықтан емес, ата-баба дәстүрін құрметтегендіктен, «бұрынғы-соңғының жолы» деп жасайды. Яғни қазақы танымда қалыптасқан «шырағым сөнбесін», «отым өшпесін» деген игі тілекпен отқа май құяды. «Оттың өшпеуі», «шырақтың сөнбеуі» қазақ үшін азаматының, отбасының аман болуы, шаңырағының шайқалмауы, ел-жұрттың тыныштығы дегенді білдіреді. Сонымен қатар көшпенді қазақ елі үшін оттың өшпеуі тәжірибелік мәнге де ие болған. Үнемі оттық табыла бермейтін, шақпақ таспен от тұтата алмай қиналатын көшпенді бабаларымыз түнгі оттың қоламтасын күлге көміп, таң атқанша сөніп қалмауын қамдаған. Таңертең оты өшпеген үйдің жылуы кетпейді, от тұтата алмай қиналмайды, дәрет суы дайын тұрады, ас-суын да жылдам даярлайды, яғни әрбір ісінің берекесі болады. Сондықтан оттың өшпеуі сол үйдегі келіннің ширақтығын, ептілігін, іске икемділігін көрсетеді. Оты өшіп қалғандар әдетте таң атпай асығып-үсігіп, көрші үйлерді мазалап, қоламта сұрап жүреді. Қазақтың асығыс жүрген адамға «от ала келдің бе?» дейтіні осыдан шыққан. Осы тәжірибе мен тағылымның барлығы отқа май құю үрдісінде жинақталған.

Бұл ғұрыптың астарында «отқа май құйғанда от қалай лауласа, өмірі де солай жайнай берсін» деген ырым да жатыр. Ырым бөлек те, наным бөлек. Ырым нанымның тікелей көрінісі болса, қазақ екеуіне екі атау бермес еді. Ырымда «осылай етсе, солай болады» деген үзілді-кесілді сенім емес, «осылай етсек, солай болса екен» деген тілек, ниеттену, сұрау тұрады. Оның бәрін адам жақсылықтан үміт күтіп жасайды. Ал жақсылықты жалғыз Жаратушының ғана беретінін атамыз қазақ «Жамандық көрсем, өзімнен, жақсылық көрсем, құдайдан» деп бір-ақ ауыз сөзбен бекіткен. Ізгі ниетпен жасалған ырымдарды Пайғамбарымыздың да құптағаны «Жаман ырым Исламда жоқ. Бірақ маған жақсы ырым, жақсы сөз ұнайды» деген хадистен аңғарылады. Ал отпен аластау – келін түскенде ғана емес, ел көшкенде, жаңа қонысқа келгенде, адам науқастанғанда, назарланғанда т.б. жағдайларда жиі қолданылатын ғұрып.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro