22 шілде 2016 | 16:19

Археологтар ежелгі Жібек жолымен жұқпалы аурулардың таралғандығын дәлелдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Hui-Yuan Yeh // Journal of Archaeological Science: Reports © Hui-Yuan Yeh // Journal of Archaeological Science: Reports

Қытайда Жібек жолының керуен-сарай әжетханаларының бірінде "ерекше" олжа табылған. Ғалымдар осы табыстың арқасында ескі сауда жолында Шығыс пен Батыстың сыйларында жұқпалы аурулардың болғандығын дәлелдеп отыр және орта ғасырлардағы індеттер осыған байланысты тараған болуы мүмкін делінген Journal of Archaeological Science: Reports журналында.


Иконка комментария блок соц сети

Қытайда Жібек жолының керуен-сарай әжетханаларының бірінде "ерекше" олжа табылған. Ғалымдар осы табыстың арқасында ескі сауда жолында Шығыс пен Батыстың сыйларында жұқпалы аурулардың болғандығын дәлелдеп отыр және орта ғасырлардағы індеттер осыған байланысты тараған болуы мүмкін делінген Journal of Archaeological Science: Reports журналында.

"Мен мұны микроскоппен қарап, бірінші жұмыртқадан жұмыртқа сорғыштарды көргенімде айрықша бір жаңалықты ашқанымды ұқтым. Жібек жолының бір пунктінен табылған айғақты заттың арқасында біздің зерттеуіміз ғылымда бірінші рет саяхатшылардың ұзақ уақыт бойы паразиттерді немесе жұқпалы ауруларды тасымалдағандығының дәлелі болмақ", - дейді Кембридж университетінің (Ұлыбритания) маманы Хуэй-Юань Йе (Hui-Yuan Yeh). 

Йе және оның әріптестері Қытайдың солтүстік-шығысында Сюаньцюаньчжи қалашығының маңында Тарым өзені және Такламакан шөлінде қазба жұмыстарын жүргізген. Бұл жерлерде Хань династиясының біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырмен біздің заманымыздың екінші ғасырына дейін Жібек жолының жүкті ауыстырып тиейтін орны және керуен сарайы болған. Бұл жерде жүктер Аспан асты елінен Таяу шығысқа және Рим империясына жіберіліп отырған. Осы жерден ғалымдар ескі жолдармен әжетханаларды және қазылған шұңқырларды тапқан. Бұл жерлерден әжетхана қағазына ұқсас орта ғасырлық және антикалық таяқшалар табылған, таяқшалар маталармен және жұмсақ заттармен оралған. Онда ертедегі саяхатшылардың нәжістері қалған.

Ғалымдар орта ғасырда Еуропаның оба ауруын "экспорттағандығын" анықтаған. Мақала авторлары тексеру мақсатында Жібек жолы саудагерлерінің немен ауырғандығын және де өздерімен бірге алыс елдерден қандай ауру алып келгенін білу үшін микроскоп арқылы нәжістерді қараған. Олар көптеген паразиттердің жұмыртқасын, соның ішінде құрттарды, бұқаның және шошқаның таспа құртын, жыланқұрт және ең қызығы сол өңірде сирек бауыр сорғыштарды анықтаған (Clonorchis sinensis). Йенің айтуынша бауыр сорғыштар бұлтты жерлерде және ылғалды жерлерде өмір сүреді, ал Қытайдың және Моңғолияның шөлдерінде мұндай мүлдем кездеспейді. Яғни саяхатшылар Еуропадан және алыс елдерден осындай ауруларды алып келген. 

"Осы күнге дейін біз Жібек жолының инфекция таратқандығын дәлелдей алмай келген болатынбыз. Олар, біздің әріптестердің пайымдауынша, Қытайдан Еуропаға басқа да жолдармен жүруі мүмкін - оңтүстік жолдармен, Үндістанға жүре отырып немесе солтүстік жолдарымен Моңғолия, Киевті және Мәскеудің Русь жолдарымен таратқан", - деп қорытындылайды Йенің әріптесі және қазба жұмыстарының жетекшісі Пирс Митчел (Piers Mitchell).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети