Ғалым Қазақстан жерінің неліктен кең екенін түсіндіріп берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© facebook.com/rkrasnoperov © facebook.com/rkrasnoperov

Тарих ғылымдарының докторы Қанат Өскенбай Қазақстан көшпенді ата-бабаларымыздың арқасында кең аумақты алып жатыр деп есептейді. "Қазақтар мен қазақ мемлекеті екі мың жыл бұрынғы көшпелі мәдениеттен қалған жалғыз мұра. Бұл аумақ көшпенділердің даласы болған. Моңғолия мен Қазақстан біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтан бастап көшпенділер мәдениеті қалыптасқан екі ұлы аймақ", - деді ғалым Almaty.tv телеарнасына берген сұхбатында.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тарих ғылымдарының докторы Қанат Өскенбай Қазақстан көшпенді ата-бабаларымыздың арқасында кең аумақты алып жатыр деп есептейді. "Қазақтар мен қазақ мемлекеті екі мың жыл бұрынғы көшпелі мәдениеттен қалған жалғыз мұра. Бұл аумақ көшпенділердің даласы болған. Моңғолия мен Қазақстан біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтан бастап көшпенділер мәдениеті қалыптасқан екі ұлы аймақ", - деді ғалым Almaty.tv телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі кездегі сияқты орта ғасырдағы Қазақстанның да аумағының кең болуы көшпенділердің өздеріне тиесілі аумақты үнемі кеңейтіп отыруымен байланысты: "Отырықшы мәдениетте өмір сүрген көршілеріміз үшін үлкен аумақтың маңызы болмаған. Өзбек немесе тәжік диханшыларына үлкен аумақтың не қажеті бар? Олар өз үйлерінің маңындағы жерге иелік етіп, сол жерге егін еккен. Ал көшпенділер болса бір жерде мекендемей, өздерінің малдарына азық табу үшін айналасындағы жерлерді алып отырған", - деді Өскенбай.

Тарих ғылымдарының докторы өте үлкен аумаққа иелік етудің көшпенділер мәдениетінің негізі болғанын айтты. "Ақорда, Алтын орда, моңғол империясы болды. Моңғолдарға дейін Қыпшақ хандығын құрған қыпшақтар, Қимақ хандығын құрған қимақтар болды - олардың барлығы қазақтардың ата-бабасы, ал қазіргі қазақтар осылардың арқасына үлкен аумаққа иелік етіп отыр. Бұл кең аймақ Қазақ хандығына көшпенділерден қалған".

Еске сала кетейік, Қазақстан 2 миллион 724,9 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Еліміз жер көлемі жөнінен әлем бойынша тоғызыншы орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro