08 сәуір 2014 | 18:22

Алматы көшелеріне 20 дәретхана орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 20 қоғамдық дәретхана орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 20 қоғамдық дәретхана орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мамандарының хабарлауынша, 90-жылдардың соңында Алматының кісі көп жиналатын орындарында 23 қоғамдық дәретхана болған, бірақ кейін олардың саны екеуге дейін қысқарған - екеуі де Орталық стадионның жанында орналасқан.

Бұл мәселені шешу үшін Алматы әкімдігі жергілікті компаниялармен бірге бюджет қаржысынсыз қоғамдық дәретханалар орнату механизмін жасап жатыр. Бірінші нұсқа - жартылай стационарлық дәретхана, өлшемі - 2,5х2,5 метр. Дәретхана су құбырына, кәріз бен электр жүйелеріне қосылады. Қыста жылытылады.

Коммуналдық желілерге қосылуға мүмкіндік жоқ жерлерге мобильді биодәретханалар орнату көзделіп отыр, өлшемі - 3,6х2,2 метр. Қысқы мезгілде кабинаның ішінде жылу конвекторлары жұмыс істемек.

"Сонымен бірге, Алматының май құю бекеттерінде өлшемі 1,1х1,1 метр болатын мобильді биодәретханалар орнату жөнінде де ұсыныс жасалып жатыр. Дәретханаларда унитаз, несеп ағызатын қуыстар мен дәретхана қағазына арналған спенсерлер болады. Оларды күтіп ұстау май құю бекеттері қожайындарына жүктеледі", - дейді басқарма мамандары.

Бұған дейін Алматыда дәретханалардың интерактивті картасы пайда болған еді. Жоба авторлары қала тұрғындарының күнделікті тірлігін жеңілдетуді мақсат еткен. Сайттан жақын жердегі дәретханаларды көруге болады. Қосымша мәліметтерді қолданушылардың өзі енгізе алады.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети