Австралиялық шеф-аспаз әйелінің етін пісірген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 Марқұм Майанг Прасетио транссексуал болған. ©Facebook Марқұм Майанг Прасетио транссексуал болған. ©Facebook

Өткен демалыс күндері Австралияның Брисбен қаласында жантүршігерлік қылмыс болды. 28 жастағы шеф-аспаз Маркус Уолке өз әйелін өлтірді. Ол 27 жастағы индонезиялық Майанг Прасетионы өлтіргеннен кейін қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін өз-өзіне қол жұмсаған. Тамағы орылған ер адамның мәйіті оның үйінің маңындағы қоқыс жәшігінен табылды, - деп хабарлайды Courier Mail.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өткен демалыс күндері Австралияның Брисбен қаласында жантүршігерлік қылмыс болды. 28 жастағы шеф-аспаз Маркус Уолке өз әйелін өлтірді. Ол 27 жастағы индонезиялық Майанг Прасетионы өлтіргеннен кейін қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін өз-өзіне қол жұмсаған. Тамағы орылған ер адамның мәйіті оның үйінің маңындағы қоқыс жәшігінен табылды, - деп хабарлайды Courier Mail.

Аспаздың әйелі транссексуал болып шықты. Майанг Прасетио бұрын Фебри есімді ер адам болған. Австралиялық күйеуі оның бұл ерекшелігін жақсы білген, бірақ оған ғашық болғандықтан, некелесуді ұйғарған. Уолке мен Прасетионың үйлену тойы өткен жылдың қараша айында болды.

Ерлі-зайыптының жақындары мен таныстары олардың бақытты өмір сүргенін және Маркустың байсалды жігіт болғанын айтты. Ал полицияның мәліметінше, ер адам психикалық ауытқулармен ауырмаған, бұрын-соңды сотталмаған.

Олардың пәтерінде келеңсіз оқиға болғанын полицияға көрші әйел хабарлаған. Ол "шіріген еттің" иісін сезіпті. Полицейлер пәтерге кірген кезде адам шошырлық көріністің куәсі болды: қыздың денесінің полиэтилен пакеттерге салынған бөлшектері шашылып жатты, мәйіттің бір бөлігі газ плитадағы кастрюльде қайнатылған. 

Пәтер иесі полицейлердің есік қаққанын сезген бойда балконнан секіріп, қоқыс жәшігіне тығылған да, өз тамағын орып жіберген. Қазір трагедияның себебі анықталып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro