"Вечерний Талдыкорган" қазақстандық газеті ресейлік НТВ телеарнасының басшылығына арнаның жүргізуші қыздары неге ашық декольте киетінін түсіндіруді өтінді. Хаттың көшірмесін RT бас редакторы Маргарита Симоньян Telegram-ға жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Неге, қандай мақсатта тележүргізуші әйелдердің киімінің жоғарғы жағы қатты ойық (декольте), әрдайым сүт бездері көрініп тұрады?"- делінген газеттің ресми сауалында.
Журналистер қойылған сұраққа жауап беруді НТВ бас директоры Алексей Земскийден сұрады. Телекомпанияның ресми жауабы хабарланбады.